20 маусым 2019 09:08

Токио Олимпиадасының бокс жарысында қанша салмақ дәрежесі болатыны анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© olympic.kz © olympic.kz

Халықаралық Олимпиада комитеті бокстан 2020 жылғы Токио ойындарына іріктеу кезеңі өтетін мерзімді атады, - деп хабарлайды Olympic.kz


Халықаралық Олимпиада комитеті бокстан 2020 жылғы Токио ойындарына іріктеу кезеңі өтетін мерзімді атады, - деп хабарлайды Olympic.kz

ХОК мәлімдесіне сәйкес, 2020 жылдың қаңтары мен сәуірі аралығында Азия/Мұхит елдері аймағында іріктеу сыны өтеді. Қазақстан осы аймаққа енеді. 

Сондай-ақ, келесі жылдың мамыр айында өтетін әлем чемпионатында жолдама иеленетін мүмкіндік бар. Жалпы алғанда, Токио ойындарына жолдама тарататын төрт турнир ұйымдастырылады. Жарысты қабылдайтын қалалар алдағы уақытта анықталмақ.

ХОК бокстан Олимпиада бағдарламасына енетін салмақ дәрежелерін де анықтады. Нақтылап айтар болсақ, Токио Олимпиадасында ерлер 8, әйелдер 5 салмақ дәрежесінде бақ сынайды. 

Ерлер арасындағы олимпиадалық салмақ дәрежелері: 52 келіге дейін, 57 келіге дейін, 63 келіге дейін, 69 келіге дейін, 75 келіге дейін, 81 келіге дейін, 91келіге дейін, +91 келі.

Әйелдер арасындағы олимпиадалық салмақ дәрежелері: 51 келіге дейін, 57 келіге дейін, 60 келіге дейін, 69 келіге дейін, 75 келі. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети