30 наурыз 2015 13:35

Туреано Джонсон: Монро, Головкиннен тірі қалсаң менімен жұдырықтас

ПОДЕЛИТЬСЯ

Туреано Джонсон. ©proboxing-fans.com Туреано Джонсон. ©proboxing-fans.com

Багамның орта салмақтағы келешегі бар боксшысы Туреано Джонсон (18-1, 13 КО) WBA (Super), WBС (Interim) және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы америкалық кіші Вилли Монроны жекпе-жекке шақырды, - деп хабарлайды Vesti.kz Tofight.ru порталына сілтеме жасап.

"Мен өтірік айтпаймын, НВО арнасы Джонсонның кандидатурасын оқшаулағаннан кейін Головкиннің лагері қарсылас ретінде мені таңдады", - деп жазды Монро Twitter желісінде.

Ал Джонсон: "Жоқ, өтірік айтасың! НВО бұл жекпе-жекке келісті. Головкин өзіне ғана мәлім себеп бойынша сені таңдады. Егер 16 мамырдан кейін тірі қалсаң - біз жұдырықтаса аламыз", - деп жауап берді.

Айта кетейік, қаңтарда Туреано Джонсон ең салмақты кездесулер үшін дайын екенін мәлімдеген болатын. Оның жұдырықтасқысы келетін қарсыластарының қатарында Головкин де бар. Еске сала кетейік, Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі 16 мамыр күні Инглвудте (Калифорния штаты, АҚШ) былтыр жаңартылған 17 мың орындық The Forum аренасында өтеді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети