1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Бокс

Уайлдер - Фьюри екінші жекпе-жегі қайда және қашан өтеді?

Супер ауыр салмақта жұдырықтасатын америкалық Деонтей Уайлдер (42-0-1, 41 КО) мен ұлыбританиялық Тайсон Фьюри (29-0-1, 20 КО) арасындағы екінші жекпе-жек 22 ақпанда Лас-Вегастың MGM Grand аренасында өтеді, - деп хабарлайды vRINGe.com.

2018 жылы желтоқсанда Лос-Анджелесте қос боксшы жұдырықтасып, жеңімпазды анықтай алмаған еді. 

Реваншта The Ring журналының титулы (оның иегері ұлыбританиялық Энтони Джошуа мексикалық Энди Руистан жеңіліп қалғаны үшін бос тұр) сарапқа салынады. Өйткені Фьюри мен Уайлдер осы салмақта бірінші және екінші орында тұр. Сондай-ақ, Уайлдер иелігіндегі WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы белбеуі және жеңімпазға "тізбектік" әлем чемпионы (қазір бұл атақ Фьюри иелігінде) атағы сарапқа салынады.

АҚШ аумағында жекпе-жекті бір уақытта FOX және ESPN телеарналарының ақылы жүйесінде көрсетіледі. Ұлыбританияда трансляцияны кімдер жүргізетіні әзірше айтылмады. PPV-дегі жекпе-жекті екі арнаның бірі көрсетуі мүмкін - Sky Sports және BT Sport.

PPV-ға түспейтін андеркартта тағы алты жекпе-жек болады - Top Rank және PBC үш жекпе-жектен ұсынады.

Бұл жолы Уайлдер мен Фьюри бірлесіп промо-тур өткізбейді - екеуі жекпе-жекті өз телеарналары арқылы жарнамалайды: америкалық FOX арнасында, ал ұлыбританиялық ESPN арнасында. 

Қазақстанда күн суытады