03 қараша 2017 13:26

UFC чемпионы Конор МакГрегор ережесіз жекпе-жектен кетуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© sportsbet.com.au © sportsbet.com.au

UFC чемпионы ирландиялық Конор МакГрегор жуық арада карьерасын аяқтауы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Мmaboxing.ru порталы.


UFC чемпионы ирландиялық Конор МакГрегор жуық арада карьерасын аяқтауы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Мmaboxing.ru порталы.

"Біз қазір UFC ұйымымен менің жаңа келісімшарты туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. Бірақ мен қазір мен UFC-ге қайта оралғаным дұрыс па, жоқ па осыны ойлап жүрмін. Көпшілік менің жекпе-жегімнің сегіз бұрышта емес, шаршы алаңда да өткенін қалайды. Кәсіпқой боксқа ауысқаным үшін мен қыруар ақша ұсынып отыр. Егер UFC маған шынымен қызығушылық білдіріп отырса, мен олардың серіктесі болуға дайынмын. Мен олармен Мейвезермен өткен кездесу кезінде де әріптес болдым", - деді МакГрегор.

Еске салайық, Мейвезер мен МакГрегор арасындағы кездесу 26 тамыз күні Лас-Вегастағы T-Mobile арена спорт кешенінде бокс ережесі бойынша өтіп, кездесудің 10-раундында америкалық боксшы техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

BoxingScene.com басылымының мәліметі бойынша, бұл кездесудің ақылы транцляциясын - 4,4 миллион көрермен тамашалапты. Яғни, олар екі жыл бұрынғы Мэнни Пакьяомен өткен жекпе-жек рекордын жаңарта алмаған. Ол кездесуде ұйымдастырушылар 4,6 миллион PPV сатқан еді.

Мейвезер - МакГрегор жекпе-жегіне билет сатудан түскен қаражат мөлшері - 55,4 миллион доллар. Бокс тарихында билет ең көп сатылған Мейвезер мен Пакьяо жекпе-жегі тіркелген еді. Ол кездесуден 72,2 миллион доллар кіріс кірген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети