1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Бокс

"Ұлы боксшы GGG!" - Сталлоне Головкин жайлы23 наурыз 2018, 12:42

Әйгілі актер әрі продюсер Сильвестр Сталлоне Instagram желісіндегі парақшасында Геннадий Головкиннің суретін салып, футболкасына баға берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ұлы боксшы GGG! Бокс әлемінде жұрт реванш кездесуді тағатсыздана күтіп отыр! Тамаша жейде...", - деп жазды Сталлоне.

Еске сала кетейік, 5 мамырға белгіленген Головкин - Альварес арасындағы реванш матч Лас-Вегаста T-Mobile аренасында өтеді. Головкин мен Альварестің алғашқы жекпе-жегі 2017 жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегаста өткен болатын. 12 раундқа созылған жекпе-жек тең есеппен аяқталған еді.