09 қыркүйек 2016 17:58

Ұлыбританиялық БАҚ Головкинның денсаулығына алаңдаулы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© matchforecaster.com © matchforecaster.com

Ұлыбританиялық БАҚ Головкинның денсаулығына алаңдаулы, бұл туралы Skysports.com порталының шолушысы Айзек Робинсон мәлімдеді. Оның ойынша, қазақстандық боксшысы ауырып жүрген болуы мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Ұлыбританиялық БАҚ Головкинның денсаулығына алаңдаулы, бұл туралы Skysports.com порталының шолушысы Айзек Робинсон мәлімдеді. Оның ойынша, қазақстандық боксшысы ауырып жүрген болуы мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Жақын уақытта өтетін салмақ өлшеу рәсімінде барлығының назары қазақстандық боксы Геннадий Головкингде болады. Оның себебі кешегі өткен баспасөз мәслихатында Головкинның денсаулығы нашарлағанын біраз адам байқаған. Сол себепті ұлыбританиялық көптеген жанкүйерлер өздерінің отандастарының жеңуге мүмкіндігі болу үшін GGG қалпы дұрыс емес болса екен деген ниетпен келуі мүмкін.

Головкиннің денсаулығы мәз емес екенін баспасөз мәслихатында бірнеше адам көрген. Промоутер Эдди Хирннің өзі Головкин жүдеп кеткен деп пікір қалдырған. Сондай-ақ осындай пікірді әлемнің бұрынғы чемпионы да айтқан болатын. Басқа да бір БАҚ өкілдері Головкиннің сұхбаттарды кейінге қалдырғанын өзінің жағдайына байланысты қалдырған деп жазған.

Сондықтан Головкин салмақ өлшеу рәсімінде жүдеген кейіпте болса бұл нағыз сенсаәия болмақ. Көптеген адамдар оның Лондон қаласына алты күн қалғанда ғана келгеніне таңданыс білдірген. Бәлкім ол жолдан шаршаған болар? - дейді Робинсон.

Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (35-0, 32 КО) мен жартылай орта салмақта IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы ұлыбританиялық Келл Брук (36-0, 25 КО) кездесуі 10 қыркүйекте Лондонда 20 мың орындық О2 аренасында өтеді. Қазақстан және Kazsport арнаары тікелей эфирден көрсетеді. Көрсетілім Астана уақытымен 23:00-де басталады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети