21 қараша 2016 18:22

Уорд WBN нұсқасы бойынша P4P рейтінгінде бірінші орынға көтеріліп, Головкинды үштіктен ығыстырып тастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© boxingscene.com © boxingscene.com

WorldBoxingNews.com басылымы салмақ дәрежесіне қарамайтын ең мыңты боксшылардың P4P рейтінгін жаңартты, - деп жазады Vesti.kz.


WorldBoxingNews.com басылымы салмақ дәрежесіне қарамайтын ең мыңты боксшылардың P4P рейтінгін жаңартты, - деп жазады Vesti.kz.

Бүл тізімге 50 боксшы кірген. Жаңа рейтінгте көшті Андре Уорд бастап тұр, ол осы жылы 12-орыннан бірінші сатыға көтерілді. Мэнни Пакьяо да тоғызыншы орыннан екінші орынға көтеріліп, көрсеткішін айтарлықтай жақсартқан. Осы жайттарға байланысты қазақстандық Геннадий Головкин үштіктен шығып қалды. 

 WBN рейтінгі бойынша үздік ондық:
1. Андре Уорд (қаңтарда 12-ші болған)
2. Мэнни Пакьяо (9)
3. Роман Гонсалес (2)
4. Геннадий Головкин (3)
5. Теренс Кроуфорд (7)
6. Сергей Ковалев (4)
7. Сауль Альварес (5)
8. Гильермо Ригондо (6)
9. Василий Ломаченко (31)
10. Карл Фрэмптон (34)

Рейтинг өткізілген жекпе-жектер саны, қарсылас деңгейі, белбеуді ұтып алу, спорттағы жетістігі мен бокстағы мәнері бойынша жасалды.  

Уордтың алғашқы орынға шығуына өткізген жекпе-жектер саны да әсер еткен. 2016 жылы ол үш кездесу өткізді, ал рейтінгтегі өзге боксшылар екі немесе бір ғана жекпе-жек өткізген. 

Еске салайық, соңғы жекпе-жегінде Уорд төрешілердің ортақ шешімімен ұпай саны бойынша Сергей Ковалевті жеңіп, оның жартылай ауыр салмақтағы WBA, IBF және WBO нұсқалары бойынша белбеулерін тартып алған болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети