Үшінші жекпе-жек өте ме? "Канело" Головкинге талап қойды

29 Қараша 2018, 09:13
0
Үшінші жекпе-жек өте ме? "Канело" Головкинге талап қойды -

WBC және WBA (Super) тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес қазақстандық Геннадий Головкинге үшінші жекпе-жек бойынша талап қойды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Альварес Головкинмен үшінші жекпе-жекке DAZN-мен келісімшартқа қол қойса ғана келісім беретінін айтты. Головкин ESPN-мен келісімшартты таңдап, басқа жолмен жүргісі келсе, үшінші жекпе-жекті өткізу мүмкіндігі күрт төмендейді, себебі "Канело" алдағы бес жылын DAZN-мен байланыстырған. 28 жастағы Альварес DAZN-мен 11 жекпе-жекке және 365 миллион долларға келісімшартқа отырған. Бұл "Канелоның" ең үлкен келісімі, бірақ оның телеалаңда жұдырықтасатын басқа атақты қарсыласы жоқ", - деп жазады Boxingnews24.com.

Ал мұның алдында GGG промоутері Том Леффлер клиентінің DAZN стриминг сервисінен және ESPN телеарнасынан әріптестік ұсыныс алғанын хабарлаған еді. 

Айта кетейік, енді қазақстандық боксшы рингке 2019 жылдың көктемінде бірақ оралады деп жоспарланған.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай