24 сәуір 2018 16:40

Ванес аңыз адаммен жұдырықтасады - Мартиросянның әкесі Головкинмен өтетін жекпе-жек туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

5 мамырда Карсондағы (АҚШ, Калифорния штаты) StubHub аренасында Ванес Мартиросян (36-3-1, 21 КО) мен WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) арасында өтетін жекпе-жектен бокссүйер қауым қызыға тамашалайтын болады. Бұл туралы америкалық боксшының әкесі FightHubtv-ке берген сұхбатында мәлімдеді. 

Норик Мартиросянның айтуынша, оның ұлы жекпе-жекте бар өнерін салады. 

Менің ұлым үлкен жекпе-жекке шығады, оны сеземін. Мен қатты қобалжып, күтіп жүрмін. Ванес аңыз адаммен жұдырықтасады. Осының өзі мені қуантады. Ол барлығына дайын, көп жаттығады. Сол себепті де барлығы да жақсы. Біз жекпе-жек туралы күн сайын талқылаймыз. Жаттығулар жайлы, алдағы жекпе-жек туралы сөйлесеміз. Ол тыңдай біледі. Біз Головкинді қатты құрметтейміз, ол екеуі көрермендер күткен жекпе-жек ұйымдастырады дегенге сенемін", - деді ол. 

Журналистің жекпе-жек алдында Ванеске не айтасыз деген сұрағына америкалық боксшының әкесі былай деп жаупа берді: "Оларға барлық мүмкіндігіңді көрсет. Онымен айқас, қашпа. Тең түсу жайлы ойлама да. Мен оған тек соңына дейін жұдырықтасуды тілеймін. Сол жекпе-жекте кім мықты екені анықталады. Меніңше бұл тартысты кездесу болады", - деп жауап берді.

Айта кетейік,  Головкин - Мартиросян жекпе-жегі 5 мамырда Лос-Анджелестегі StubHub Center аренасында өтеді. 5 мамырдағы Головкин - Мартиросян жекпе-жегінің билеттерінің минималдық құны - 53 доллар, ал максималдық құны - 767 доллар. 

Кездесу жергілікті АҚШ уақыт бойынша сағат 20.00-де басталады. АҚШ-та жекпе-жекті HBO телеарнасы көрсетеді. Ал қазақстандықтар жекпе-жекті келесі күні, 6 мамырда таңғы уақытта көре алады. Бокс кешінің басты оқиғасы Астана уақыты бойынша сағат 09.00-де басталады. Бірақ жекпе-жектің әзірше қазақстандық қай арналардан көрсетілетіні белгісіз.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети