19 мамыр 2017 15:26

Vesti.kz порталы "Астана арландарының" келесі жекпе-жегін тікелей эфирден көрсетеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vk.com/astana_arlans © vk.com/astana_arlans

Бүкіләлемдік бокс сериясындағы (WSB) "Ресей патриоттары" мен "Астана арландары" арасындағы ширек финалдың екінші жекпе-жегін Қазақстанда тікелей эфирде тек Vesti.kz порталы көрсетеді.


Бүкіләлемдік бокс сериясындағы (WSB) "Ресей патриоттары" мен "Астана арландары" арасындағы ширек финалдың екінші жекпе-жегін Қазақстанда тікелей эфирде тек Vesti.kz порталы көрсетеді.

Ширек финалдың бірінші кездесуі ертең 20 мамырда Қарағанды қаласында өтеді. Жекпе-жек Астана уақытымен 17:30-де басталады. Кездесудің тікелей трансляциясын мына сілтеме бойынша көре аласыздар. Vesti.kz порталында бұл кездесуді Роман Кушпелев пен Өмірбек Сансызбай жүргізеді. Трансляция қазақ және орыс тілдерінде болады.

Жекпе-жекте шаршы алаңға шығатын боксшылардың тізімін мына жерден көруге болады. Ширек финалдық екінші кездесу Қарағанды қаласындағы Серік Сәпиев бокс орталығында өтеді.

Қос команданың 11 мамырда Ресейдің Кемеров қаласында өткізген бірінші кездесуінде 3:2 есебімен қазақстандық боксшылардың пайдасына шешілген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети