Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Владимир Кличко Головкиннің жеңісіне ризашылық білдірді

24 Ақпан 2015, 11:31
0
Геннадий Головкин мен Владимир Кличко. ©Twitter.com/Tom Loeffler
Геннадий Головкин мен Владимир Кличко. ©Twitter.com/Tom Loeffler

Украин боксшысы, WBA, WBO, IBF және IBO тұжырымдары бойынша аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы Владимир Кличко Геннадий Головкин мен Мартин Мюррей арасындағы жекпе-жекке қатысты ойын білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz боксшының Тwitter-іне сілтеме жасап. 

"Сіздер өткен демалыс күндері болған жекпе-жекті көрдіңіздер ме? Вау! Оның менің дивизионымда болмағанына қуанамын!" - де жазды украин боксшысы. Айта кетейік, Кличко кәсіби шаршы алаңда 66 жекпе-жек өткізіп, оның 63-інде жеңіске жеткен. 53 қарсыласын нокаутпен жеңіп, үш қарсыласына есе жіберген. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар. 

Еске сала кетейік, Геннадий Головкин ақпанның 22-сіне қараған түні Монте-Карлода ағылшын боксшысы Мартин Мюррейге қарсы жекпе-жек өткізіп, оны 11-раундта нокаутпен жеңді. Сөйтіп, өз титулын абыроймен қорғады. Ешкімге есе жіберіп көрмеген Головкин үшін бұл кәсіби шаршы алаңдағы 32-кездесу болды, ол нокауттарының санын 29-ға жеткізді. Бұған қоса, мерзімінен бұрын біткен жекпе-жектерінің санын 19-ға жеткізген боксшы атақты Майк Тайсонның рекордын қайталады.  


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай