ПОДЕЛИТЬСЯ
05 қазан 2018 | 11:02
WBC боксшыларды жекпе-жек күні өлшенуге міндеттейді
Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) боксшыларға жекпе-жек күні де салмақ өлшеу рәсімін енгізбек, - деп хабарлайды Vesti.kz Vringe.com басылымына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) боксшыларға жекпе-жек күні де салмақ өлшеу рәсімін енгізбек, - деп хабарлайды Vesti.kz Vringe.com басылымына сілтеме жасап.
Қазіргі таңда WBC ұйымында жекпе-жекке дейін бір күн бұрын өлшену рәсімімен қатар, алдын ала - бір ай және бір апта бұрын өлшену бар.
Енді бұған жекпе-жекке дейін екі апта бұрын және жұдырықтасатын күні салмақ өлшеуді қоспақ.
Жекпе-жектен 30 күн бұрын өлшенгенде боксшы келісімшартта көрсетілген салмағынан он пайыз асып тұруға рұқсат етіледі, ал 14 күн бұрын бес пайыз ғана, жеті күн қалғанда - 3 пайыз.
Ал жекпе-жек күні өлшенгенде спортшы келісімшартта көрсетілген салмақтың он пайызынан артық жинауына болмайды.
WBC жекпе-жектері үшін жаңа ережелер маусымнан бастап күшіне енеді, ал жұдырықтасатын күні өлшенуден басқасы 1 қаңтардан бастап қолданылады.
Сонымен қатар, жаңа жылдан бастап боксшылар комиссияға жыл сайынғы МРТ-тексерісінің мәліметтерін берулері қажет.
Показать комментарии
Читайте также