15 желтоқсан 2015 09:27

WBC Головкин - Альварес кездесуіне қатысты шешім шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Fightnews.ru © Fightnews.ru

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің арасындағы жекпе-жекке қатысты шешім шығарды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің арасындағы жекпе-жекке қатысты шешім шығарды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

WBC шешіміне сәйкес, екі боксшы жекпе-жек туралы өзара келісулері керек. Қыркүйек айында өткізілетін кездесуге өзара келісу үшін тараптарға 31 мамырға дейін уақыт берілді. Егер осы уақытқа дейін екі тарап мәмілеге келе алмаса, промоутерлік сауда тағайындалады. WBC чемпиондық атағына таласуға тараптардың бірі өз еркімен келіспесе, онда сол боксшы титулдан айырылады.

Айта кетейік, Головкин қазір Альварестің иелігіндегі WBC титулына негізгі үміткер. Бұған дейін Головкин - Альварес жекпе-жегі 17 қыркүйекте өтуі мүмкін екені хабарланған еді. Екі боксшы да күздегі жекпе-жекке дейін бір кездесуден өткізеді. Альварес Cinco de Mayo мейрамы кезінде, яғни мамыр айында келесі кездесуін өткізуді жоспарлап отыр. Головкин болса IBF титулына міндетті үміткер Туреано Джонсонмен наурыз айында жұдырықтасуы мүмкін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети