28 сәуір 2018 09:11

WBC Головкин - Мартиросян жекпе-жегінің жеңімпазының бапкеріне арнайы белбеу береді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© zimbio.com © zimbio.com

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) Головкин - Мартиросян жекпе-жегінің жеңімпазының бапкеріне арнайы белбеу дайындап қойды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) Головкин - Мартиросян жекпе-жегінің жеңімпазының бапкеріне арнайы белбеу дайындап қойды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл белбеуді  WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО)  бапкері Абель Санчес немесе америкалық Ванес Мартиросянның (36-3-1, 21 КО) бапкері Эдмонд Тарвердян алады.

Осыған дейін Головкин Мартиросянмен өтетін жекпе-жектің проморолигін жариялаған болатын.

Айта кетейік,  Головкин - Мартиросян жекпе-жегі 5 мамырда Лос-Анджелестегі  StubHub Center аренасында өтеді. 5 мамырдағы Головкин - Мартиросян жекпе-жегінің билеттерінің минималдық құны - 53 доллар, ал максималдық құны - 767 доллар. 

Кездесу жергілікті АҚШ уақыт бойынша сағат 20.00-де басталады. АҚШ-та жекпе-жекті HBO телеарнасы көрсетеді. Ал қазақстандықтар жекпе-жекті келесі күні, 6 мамырда таңғы уақытта көре алады. Бокс кешінің басты оқиғасы Астана уақыты бойынша сағат 09.00-де басталады. Бірақ жекпе-жектің әзірше қазақстандық қай каналдардан көрсетілетіні белгісіз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети