23 мамыр 2017 23:22

WBC Конвенциясының басқа елге ауыстырылуы Қанат Исламның Астанадағы бокс кешіне әсер ете ме?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Все новости © Все новости

Қазақстандық боксшы Қанат Исламның (23-0-0, 19 КО) командасы Vesti.kz сайтына берген сұхбатында Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) ұйымның жыл сайынғы 55-ші мерейтойлық Конвенциясының Әзірбайжан астанасы Бакуге ауыстырылуына байланысты олардың жоспарына еш әсерін бермейтінін жеткізді, яғни 32 жастағы боксшы 9 қыркүйекте Астанада шаршы алаңға шығады.

"Конвенцияның Астанада өтпейтіні өкінішті. Астанада атақты боксшылар жиналады деп күтіп едік. Бұл шара отандық кәсіпқой боксқа шабыт береді деп үміттендік. Мүмкін, болашақта біз осы шараның біздің елде өтуінің куәсі болармыз.

9 қыркүйекке жоспарланған бокс кешіне келер болсақ, ол өз күшінде қалады. Алматыда Қанат Исламның қатысуымен өткен бокс кешіндей етіп, Астанада да өткізу ойымызда бар. Онда біздің сегіз-тоғыз боксшымыз жұдырықтасады. Әрине кештің басты жекпе-жегіне Қанат Ислам шығады. Қазіргі уақытта басқа боксшылармен келіссөздер жүріп жатыр", - деді Қанат Исламның өкілі Берік Сұлтан.

Еске салайы, 23 мамырда Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) ұйымның жыл сайынғы 55-ші мерейтойлық Конвенциясының Әзірбайжан астанасында өтетінін ресми түрде жарияланды. Ерлан Бекхожин WBC конвенциясы неліктен Астанадан Бакуге ауыстырылғанын түсіндірді

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети