Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сүлейман WBC тұжырымы бойынша орта салмақта әлемнің уақытша чемпионы Геннадий Головкиннің әйгілі Сауль Альвареспен қашан кездесетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сүлейман WBC тұжырымы бойынша орта салмақта әлемнің уақытша чемпионы Геннадий Головкиннің әйгілі Сауль Альвареспен қашан кездесетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Айта кетейік, ұйымның шешіміне сәйкес екі боксшы да осы титулды қорғауға міндетті. "Екі тарап жасасқан келісім бар. 7 мамырдан кейін екі боксшыға келісімге келуге бір ай уақыт берілді. Егер олар өзара келісе алмаса, біз промоутерлік сауда ұйымдастырамыз", - деді Сүлейман Головкин - Уэйд кездесуінен кейін ESPN телеарнасына берген сұхбатында.
Оның айтуынша, WBC кез келген жағдайда ережеге сүйеніп шешім қабылдайды. "Дәл қазір Головкин - уақытша чемпион, Альварес - негізгі чемпион. Бұл мәселе бұрыннан қаралып келе жатыр. Серхио Мартинеспен міндетті жекпе-жек өткеннен кейін Мигель Котто Головкинмен келісті. Осыдан кейін Головкин оған Альвареспен кездесуге рұқсат берді. Сауль жеңіске жетті, сосын ол тағы бір кездесуге рұқсат сұрады, содан кейін ғана Головкинмен жұдырықтасуға дайын екенін айтты. Қазір біз 7 мамырды күтуіміз керек. Осыдан кейін ғана Головкин мен Альварес - Хан кездесуінің жеңімпазымен жекпе-жек ұйымдастыруға кірісеміз", - деді Сүлейман.
Өз кезегінде Бүкіләлемдік бокс ассоциациясының (WBA) басшысы Хильберто Мендос Головкин - Альварес жекпе-жегі болмаған жағдайда, қазақстандық боксшыны орта салмақта WBA (Regular) чемпионы Дэниэл Джейкобспен кездесуге міндеттейтінін айтты. "Біз титулды қорғау жекпе-жегін ұйымдастырғымыз келеді, дегенмен WBC ұйымына кедергі келтірмейміз", - деді ол.
Еске салайық, 24 сәуірде Головкин - Уэйд жекпе-жегі болып, қазақстандық боксшы жеңіске жеткен еді. Головкин қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсірді.