21 қазан 2015 11:03

WBC президенті Головкиннің Котто - Альварес жеңімпазымен кездесуінің мерзімін атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маурисио Сулейман (сол жағында) және Геннадий Головкин. © Wcmoro Маурисио Сулейман (сол жағында) және Геннадий Головкин. © Wcmoro

Халықаралық бокс кеңесінің президенті (WBC) Маурисио Сулейман Котто-Альварес жекпе-жегінің жеңімпазы келесі кездесуін міндетті түрде Головкинмен өткізу керектігін тағы да айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Халықаралық бокс кеңесінің президенті (WBC) Маурисио Сулейман Котто-Альварес жекпе-жегінің жеңімпазы келесі кездесуін міндетті түрде Головкинмен өткізу керектігін тағы да айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Котто-Альварес  жеңімпазы Головкинмен жұдырықтасуы керек, - деді Сулейман. - Котто мен Альварес бокстың элитасы. Ал Головкин олармен бір деңгейде тұрғанын дәлелдеді. Бұл тарихта қалатын жекпе-жектердің бірі болады".

"Егер тараптар келісімге келе алмаса, WBC Котто-Альварес жеңімпазын Головкинге қарсы чемпиондық белбеуді қорғауды міндеттемейді. Келіссөздер жекпе-жек аяқталғаннан кейін бір аптадан соң басталады", - деді ол. Сулейман олардың арасындағы кездесудің келесі жылы наурыз немесе сәуір айында болатынын айтты.

Еске сала кетейік, Котто мен Альварес арасындағы кездесу 21 қарашада Лас-Вегаста өтеді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети