22 қаңтар 2019 12:03

"7-20-25" бағдарламасы бойынша қанша қазақстандық ипотека ала алмады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz фотоколлаж © Tengrinews.kz фотоколлаж

2019 жылы "7-20-25" бағдарламасы бойынша қазақстандықтардың баспанаға деген қажеттілігі шамамен 16 мың пәтер болады. Бағдарламаға қатысқандардың 17 пайызына ипотека берілмейді. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"17 қаңтардағы жағдай бойынша "7-20-25" бағдарламасы бойынша 52 миллиард теңгеге 4 350 өтінім мақұлданды. Осы күнге дейін өтініш білдіргендердің 17 пайызына - 1237 арыз бойынша қарыз берілмеді. Негізгі себеп - несие тарихының нашарлығы және қажетті ресми табыстың жетіспеушілігі", - деді Данияр Ақышев. 

Ақышевтің айтуынша, бағдарламамен алуға болатын баспаналар аз екен. 

"Қазіргі уақытта өңірлерде бастапқы тұрғын-үй жетіспеушілігі себепші. Осы орайда бұл тұрғын үй талаптарын жақсартатын көпбалалы отбасылар, балаларына баспана сатып алатын ата-аналар, басқа географиялық өңірге көшетін азаматтар болуы мүмкін", - деді ол. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети