28 тамыз 2018 10:42

"7-20-25" бағдарламасы бойынша өңірлердегі баспана құны аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"7-20-25" бағдарламасы бойынша өңірлердегі баспана құны аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Баспана" Ипотекалық ұйымының Сыртқы коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.


"7-20-25" бағдарламасы бойынша өңірлердегі баспана құны аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Баспана" Ипотекалық ұйымының Сыртқы коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, "7-20-25" бағдарламасы аясында Атырау тұрғындары сатып алып жатқан баспана құны Алматыдан да жоғары.

"Астана тұрғындары "7-20-25" бағдарламасы аясында сатып алып жатқан баспананың орташа құны 15 270 000 теңгені құрайды деп хабарлайды, "Баспана" Ипотекалық ұйымы. Бұл Қазақстан бойынша ең жоғарғы баға.

Сонымен бірге, Атырау қаласының тұрғындары Алматыға қарағанда қымбатырақ баспана таңдап жатқаны анықталды. Атырау бойынша "7-20-25" бағдарламасы аясында таңдалған пәтердің орташа бағасы 13 480 000 теңге болса, алматылықтар шамамен 12 900 000 теңгелік пәтерлерге үйір. Алайда бағдарламаға қатысушылар саны жағынан алматылықтар алда келеді екен", - делінген ұйымның хабарламасында.

Ал баспананың ең арзаны Қостанайда екен. Қостанайдағы үйдің орташа бағасы - 7 400 000 тенге. Арзан баспанасымен мақтана алатын өңірлер қатарында Ақтау (баспананың орташа бағасы - 7 900 000 теңге) мен Ақмола облысы (баспананың орташа бағасы - 8 170 000 теңге) да бар

25 тамыз күнгі мәлімет бойынша, 1803 азамат "7-20-25" бағдарламасына қатысуға ниет білдіріп, 21,3 миллиард теңге сомасына тапсырыс берген. Оның ішінен 14 миллиард теңге сомасына 1190 азаматтың өтініші мақұлданды", - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, қазіргі таңда "7-20-25" бағдарламасы аясында Центркредит банкі, АТФБанк, ЦеснаБанк, Bank RBK мен Еуразиялық банктерінің несие беріп жатқаны айтылады.

"7-20-25" бағдарламасына қалай қатысуға болады?

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети