20 маусым 2019 10:57

Ақтөбеде көпбалалы аналар баспаналы болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кәсіпкерлердің қолдауымен бүгін 5 отбасыға баспана кілті және 25 анаға пәтер алуға алғашқы жарна сертификаты табысталды, - деп хабарлайды "Ақтөбе жаңалықтары"


Кәсіпкерлердің қолдауымен бүгін 5 отбасыға баспана кілті және 25 анаға пәтер алуға алғашқы жарна сертификаты табысталды, - деп хабарлайды "Ақтөбе жаңалықтары"

Жергілікті кәсіпкер Аманкелді Майтеков "Қолғанат Ақтөбе" қоғамдық қорына 11 млн 500 мың теңге аударды. Қалалық әкімдік демеушілік ретінде бөлінген қаржыны мұқтаж отбасыларға баспана алуға көмек ретінде бөліп берген.

"Көпбалалы отбасылар мәселесі назардан тыс қалмайды. Көмек мейлінше әрбір мұқтаж отбасыға көрсетіледі. Қайырымдылық жасайтын азаматтарымыз көбейе берсін. Дегенмен әр адамның тағдыры өз қолында. Жауапкершілік ортақ болу керек", - деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин.

Қалалық әкімдіктегі баспана мәселесіне қатысты арнайы жұмыс тобына 190 өтініш түскен. Олардың 102-іне болашақта сатып алу құқығы бар жалға үй беру туралы шешім қабылданды. "Қолғанат Ақтөбе" қоғамдық қорының көмегімен тұрғын үйге мұқтаж көп балалы, жалғыз басты, мүмкіндігі шектеулі бала асырып отырған отбасыларға пәтер кілтін алуға көмек беріп отыр.

"Жұбановтар әлемі" шығармашылық орталығында өткен салтанатты марапаттау шарасының соңы әнші Нұрлан Абдуллиннің қайырымдылық концерті жалғасты. Қайырымдылық шарадан түскен қаражат та мүмкіндігі шектеулі жандарға берілетін болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети