05 тамыз 2015 13:17

Алданған үлескер болмау үшін не істеу керек

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астана әкімдігі тұрғын үй кешендерінің құрылысына қаржы тартуды жүзеге асыратын тұрғын үй құрылысы кооперативтері бойынша барынша нақты ақпарат ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Әкімдіктің баспасөз қызметі азаматтарға ТҚК-ға енуде қандай қауіптердің болатыны айтып берді.


Астана әкімдігі тұрғын үй кешендерінің құрылысына қаржы тартуды жүзеге асыратын тұрғын үй құрылысы кооперативтері бойынша барынша нақты ақпарат ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Әкімдіктің баспасөз қызметі азаматтарға ТҚК-ға енуде қандай қауіптердің болатыны айтып берді.

Әкімдіктегілердің айтуынша, салынып болмаған тұрғын үйлерді сату арқылы сатып алушылардың қаржысын тартуды девелоперлар мен құрылыс салушылар тұрғын үй құрылысы кооперативтерін құру негізінде жүзеге асырады. Мұндай жағдайда болашақ тұрғындар шаршы метрді емес, үлесті сатып алады.

"ТҚК аясында құрылыста, қайта салуда және одан кейін көпқабатты үйді күтіп ұстауға оның мүшелері өз қаржысын жұмсайтынын атап өту маңызды. Алайда, ТҚК азаматтардың өздері ерікті түрде құрған ұйымы болып табылатынына қарамастан, үрдістің басым бөлігінде құрылыс компаниялары тұрады", - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Астана әкімдігіндегілердің айтуынша, құрылыс компанияларының ТҚК-ға қызығушылық арттыруы жайдан жай емес. Себебі ыңғайлы құрылыс компаниясымен тұрғын үй кооперативін құру - ҚР "Тұрғын үй құрылысына үлескерлік қатысу туралы" Заңы және басқа да келісімшарт түрлеріне қарағанда сатып алушыларды сәл де болса артығырақ сақтандырады. "Тұрғын үй кооперативіндегі үлескердің құқығы нақты мүшелері әлі қабылданбай жатып-ақ құрылыс компаниясы дайындаған кооперативтің жарғысымен анықталады. Соған сәйкес, бұл құжаттың басым бөлігі құрылыс компаниясының мүддесі тұрғысынан жауап береді", - делінген әкімдіктің хабарламасында.

Сонымен қатар, егер құрылыс компаниясы тұрғын үй кооперативін өзі құрған болса, олар үшін құқықтық позициялардың икемділігі көп рөл ойнайды, үш белсенді мүшені анықтап алғаннан кейін құрылыс компаниялары көбінесе кооперативтерді өздері құратыны белгілі. Олар кооперативтің жалпы жиынында Жарғыны бекітеді, кооперативтің төрағасын, басқарма мүшелері мен ревизиялық комиссияны сайлайды.

Яғни, мердігер (құрылыс компаниясы) іс жүзінде кооперативті басқарады және жоғарыда аталған Заңның 56-бабына сәйкес мүшелікке қабылдау және басқа жарналардың көлемін анықтауға немесе одан түскен қаржыны тұрғын үй құрылысынан бөлек мақсатқа біреулерге беру құқығын жүзеге асыруға және басқа да маңызды шешімдерді қабылдауға ықпал ете алады.

Сол себепті "Тұрғын үй құрылысына үлескерлік қатысу туралы" Заңымен салыстырғанда мұнда сатып алушылардың құқығы аз қорғалған, өйткені үлескерлердің барлық құқығы кооперативтің жарғысымен айқындалады. "Сондықтан алаяқтықтың құрбаны болмау үшін құрылыс жүргізуге негіз болатын рұқсат беретін құжаттамаларды зерделеп оқып, ұғып алған жөн. Міндетті түрде кооператив пен құрылыс компаниясының қатынасына назар аударып, Тұрғын үй құрылыс кооперативінің жарғысын мұқият оқу керек. Егер кооператив туралы ереже бар болса, онымен де жақсылап танысып шыққан абзал", - делінген хабарламада.

Астана қаласының әкімдігі мен Қазақстан құрылыс жүргізушілер қауымдастығы ТҚК-ға енгелі отырған азаматтар үшін ұсыным әзірледі. Онымен мына жерде танысуға болады.

Сонымен қатар, баспасөз қызметіндегілердің ойынша, пәтердің нақты алаңын анықтау мәселесіне, сондай-ақ, уақытында келмеген, аралық төлемдерді (жарнаны) уақытылы төлемеген және басқа себептерге байланысты келісімшартты бұзу жағдайларына да дұрыстап қараған абзал.

"Сондықтан қала әкімдігі мен Қазақстан құрылыс жүргізушілер қауымдастығы азаматтарды аса сақ болуға, келісімшартты мұқият оқуға ешқандай қысылмауға, заңгерден ақша үнемдемеуге, тек сенімді құрылыс компанияларына үміт артуға шақырады", - дейді әкімдіктегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети