21 ақпан 2018 11:14

Алматы әкімі баспананың арзандайтынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімі Бауыржан Байбек баспана бағасы төмендей беретінін айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматы әкімі Бауыржан Байбек баспана бағасы төмендей беретінін айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Ескі үйлерге қатысты Түрксіб ауданының тұрғындары сұрақ қойды. Онда 400-дей отбасы ескі үйлерде тұрып жатыр. Жүйелі сараптама жүргіздік. Бүгінде Алматыда мұндай 900 үй бар. 8,5 мың отбасы 30 шаршы метрден кем пәтерлерде тұрып жатыр. Алматыда жаңа құрылысқа мүлде орын жоқ немесе экономикалық тұрғыдан өзін ақтамайды. Сондықтан Президент айтқандай, "Ескі баспана" бағдарламасы арқылы қалаларды дамытуға болады", - дейді Байбек. 

Қала басшысының сөзінше, бес жылда ескі екі қабатты үйлердің орнына 1,5 мың пәтері бар 54 жаңа үй салынды. Ал қамыстан салынған үйден 500 отбасы жаңа пәтерлерге көшті. 

"Елбасы бұл бағдарламаны іске асыруды жетелдету керектігін айтты, оның инвестициялық әлеуеті 600 миллиард теңге. Бұл жұмысқа жеке құрылысшыларды тарту керек. Тоғыз қабатты бір үй салуға 120 жұмысшы, инженер мен жобалаушы жұмылдырылады екен. "Ескі баспана" бағдарламасы арқылы 100 мың адам жұмыспен қамтылады", - дейді Байбек. 

"Іс жүзінде қиындықтар да бар. Мәселен, үйде 12 пәтер бар, барлығы қатысуға дайын, ал тұрғындардың бірі қарсы. Ол ескі баспанасының құнын бірнеше есе артық сұрап, құрылыс уақыты созылады. Осылай екі-үш жыл бойы өзгелер де көше алмай отырады. Мұндай жағдай көп. Осыған байланысты айтқым келетіні: бізге де, құрылысышыларға, тұрғындарға да бәріне қатысты. Мұндай бағалар болмайды. Бағалар төмен түсе бастайды. Бүгінде төртінші деңгейдегі баспана санын көбейтуді жоспарлап отырмыз, бағаларды нарық реттейді. Сондықтан бұл мәселеге байыпты қараңыздар. Инвесторлар іздейміз, ескі пәтерлерде тұратындар жаңа үйге көшу үшін барлық жағдай жасаймыз. Тұрғындар бізге қолдау білдіргені жөн", - деп аяқтады ол. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети