29 қыркүйек 2014 17:44

Алматыда "Асыл арман" пәтерлеріне құжат қабылдау басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©hcsbk.kz ©hcsbk.kz

Бүгін, қыркүйектің 29-ы күні "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" акционерлік қоғамы "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасы аясында Алматы қаласына жақын орналасқан "Асыл арман" тұрғын үй кешенінен пәтер алуға өтініштерді қабылдауды бастады. Барлық құжаттар ғаламтор арқылы қабылданады. Ол үшін www.fnsk.kz сайтында онлайн-өтініштеді қабылдайтын инновациялық интернет-жоба іске қосылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" АК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұл жолы үйді жалға алу арқылы 1609 пәтер сатылады. Ал 91 пәтер бірден сатылымға шығарылып отыр. Өтініш беру үшін алдымен электронды сандық қолтаңба алып, www.fnsk.kz сайтында тіркелу керек. Үміткерлердің тізімі автоматты түрде құрылады. Өтініш қабылдаудың соңғы күні - 2014 жылдың қазанның 14-і, Астана уақыты бойынша сағат 10:00-ге дейін. Айта кетер жәйт, бұл бағдарламаға  Алматы облысы Қарасай ауданында баспанасы жоқ немесе тұрғын үй жағдайын жақсартқысы келетін азаматтар қатыса алады.

"Бүгінде www.fnsk.kz сайтына 5000-нан астам адам тіркелген. Бағдарлама іске қосылған сәттен бастап алғашқы 2 секунд ішінде 419 өтініш түсті. Бесінші минутта оның саны 520-ге дейін жетті. Демек, ұзын-сонар кезек мәселесі, сондай-ақ уақыт пен ақша үнемдеу жайы да шешілді деуге болады", - дейді "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" АҚ аппарат жетекшісі Рүстем Бектұрымов. 

Осы орайда айта кетейік, қазіргі кезде Тараз қаласында пәтер алуға өтініштерді қабылдау науқаны әлі жүріп жатыр. Тараз қаласының Маяковский көшесі, 42-үйдегі 25 пәтерлі екі тұрғын үй кешені қала орталығында орналасқан. Бір шаршы метрдің бағасы - 139 мың теңге. Бүгінде екі бөлмелі пәтерге берілген өтініштердің саны пәтер санынан 3 есе асты. Алайда үш бөлмелі пәтерлер әлі бар. Өтініштер қазанның 6-сы, сағат 10:00-ге дейін қабылданады. Ал қазанның 12-і күні Ақтөбе қаласында "Юнис Сити" тұрғын үйден пәтер алуға өтініштер қабылдау жұмысы басталады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети