02 маусым 2017 12:10

Алматыда биыл үй кезегінде тұрған әрбір төртінші отбасы пәтер алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© almaty.gov.kz © almaty.gov.kz

Алматы әкімі Бауыржан Байбек пен "Ипотекалық ұйым" Қазақ ипотекалық компаниясы" АҚ-ның басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов үй кезегінде тұрғандарға Атлеттер ауылынан жаңа пәтер кілттері мен сертификаттарды табыстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.


Алматы әкімі Бауыржан Байбек пен "Ипотекалық ұйым" Қазақ ипотекалық компаниясы" АҚ-ның басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов үй кезегінде тұрғандарға Атлеттер ауылынан жаңа пәтер кілттері мен сертификаттарды табыстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Ел Президентінің тапсырмасы бойынша Алматыда "Нұрлы жол" бағдарламасының инфрақұрылымдық жобаларына 20 миллиард теңге, ал дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында тұрғын үй құрылысына республикалық бюджеттен 33 миллиард теңге бөлінген. Алматы әкімі 2016 жыл мен биылғы жылдың алғашқы тоқсанында қалада 4 мыңға жуық пәтер бөлінген, яғни 2014-2015 жылдармен салыстырғанда екі есеге артқанын, жыл аяғына дейін тағы да 4,5 мың пәтер бөлінетінін айтты.

"Алматыда "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында алғашқы бес жыл ішінде құны 140 миллиард теңге болатын 670 мың шаршы метр тұрғын үй салынады. Жыл қорытындысы бойынша үй кезегінде тұрған әрбір төртінші отбасы тиесілі пәтерін алады. Бүгін біз кезекте тұрған 120 отбасыға пәтер кілттерін тапсырамыз, олардың арасында мүгедектер, көпбалалы және толық емес отбасылар, мемлекеттік қызметкерлер, бюджет қызметкерлері, әскерилер бар. Бұлардың басым көпшілігі - пәтер жалдап немес туыстарының үйін паналап, пәтер кезегінде ұзақ тұрғандар. Бүгін олар өздерін нағыз пәтер иелері ретінде сезіне алады", - деді Бауыржан Байбек.

Алматы әкімі халыққа пәтер бөлуді барынша ашық жүргізу үшін түрлі шаралардың жүзеге асқанын жеткізді. Бұдан былай үй кезегіне қою және кезектің жылжуы Электронды үкімет порталы арқылы жүретін болады. Сонымен қатар, алғаш рет кезектің электронды инвентаризациясы енгізілген, яғни кезекте тұрғандар жыл сайын Тұрғын үй басқармасына келмей - ақ дистанциялық жүйе арқылы өзіне қатысты мәліметті біледі. Тағы бір жаңалық, SMS- хабарлар арқылы да қажетті мәліметті алуға болады. Бұлардан өзге, жыл аяғына дейін адам факторынсыз, кезекте тұрғандар арасында автономды кесте арқылы пәтер бөлу механизмі жыл аяғына дейін енгізіледі.

Атлеттер ауылының кешені 23 гектар аумақты алып жатыр, мұнда 14 тұрғын үй бар. Оның айналасы заманауи видебақылау жүйесімен, өрт қауіпсіздігмен толық қамтылған. Ауыл кешенінде ХҚКО, емхана, супермаркет, банк және пошта бөлімшелері, полицияның тірек пункті жұмыс істейді. Атлеттер ауылын салуға заманауи әрі экологиялық таза материалдар пайдаланылды.

Айта кетейік, Алатау ауданы Алматы тұрғындары мен қонақтары қызығатын замнауи елді мекенге айналды. Аудан құрылғалы бері мұндағы тұрғындар саны 1,5 есеге артып, 200 мың адамға жетті. Сегіз жыл ішінде ауданды дамытуға қала бюджетінен 200 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді, соның арқасында халықаралық деңгейдегі Алматы Арена спорт нысаны, әкімдік, сот, прокуратура, салық, арнайы ХҚКО, АІІД ғимараттары, заманауи мәдени нысандар, мектептер, бала бақшалар, емханалар мен ауруханалар іске қосылды, жаңа мешіт салынып жатыр, Үлкен Алматы каналының айналасы, Боралдай өзенінің жағалауы абаттандырылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети