Алматыда жалдамалы баспана алуға екі сағатта 9,5 мыңға жуық адам өтінім беріп үлгерді

18 Мамыр 2015, 17:18
0
Алматыда жалдамалы баспана алуға екі сағатта 9,5 мыңға жуық адам өтінім беріп үлгерді - "Асыл Арман" ТК. © odome.kz
"Асыл Арман" ТК. © odome.kz

"Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қорының Алматыдағы "Асыл Арман" ТК-нен пәтер алуға өтінім бергендердің саны екі сағатта 9363-ке жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қордың ресми сайтындағы мәліметтер бойынша, өтінімдерді қабылдау уақыты сағат 10.00-ден бастап түскі сағат 12.10-ға дейін 9363 адамнан өтінім келіп түскен. Олардың 80-і тікелей сатып алуға болса, 9283-і сатып алу құқығымен пәтерді жалға алу үшін берілген.

Сайтта жарияланған тізім бойынша, пәтерді тікелей сатып алғысы келген 80 адамның 41-і бір бөлмелі пәтерге, 22-сі - екі бөлмелі және 17-сі үш бөлмелі пәтерге өтінім берген. Ал сатып алу құқығымен жалға берілетін пәтерлерге келіп түскен өтінімдер көрсеткіші мынадай: бір бөлмелі пәтер -  5 542, екі бөлмелі пәтер - 2 451, үш бөлмелі пәтер - 1 290.

Еске сала кетейік, бұған дейін "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қорының Алматыдағы "Асыл Арман" ТК-нен пәтер алуға өтінімдердің Астана уақыты бойынша 18 мамыр күні сағат 10.00-ден 2 маусым сағат 10.00-ге дейін қабылданатыны хабарланған еді. Ал оған дейін жалдамалы пәтер алуға өтінім қабылдайтын сайтқа бірнеше рет хакерлік шабуыл жасалып, өтінімдер жойылған болатын.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай