Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Алматыда жаңа салынған үйлер қанша тұрады?

17 Қыркүйек 2014, 20:20
0
©krisha.kz
©krisha.kz

Tengrinews.kz тілшісі Алматыда жаңа салынған үйлердің бағасы қанша болатынын анықтауға тырысты. 

Krysha.kz порталының деректеріне сүйенсек, Алматыда  соңғы 5 жылда (2009-2014 жылдар аралығында) салынған үйлердегі бір бөлмелі пәтердің құны 27 мың доллардан 280 мың долларға дейінгі аралықта. Алматы қаласындағы қолжетімді болып саналатын бір бөлмелі пәтерлер 2013 жылы салынған Райымбек даңғылының бойындағы үйлерде және "Апорт" сауда орталығының маңындағы үйлерде, яғни мұндағы баға 27 мың доллардан басталады.  Қонақ үйдің бөлмелері тәріздес, құрылысы толық аяқталмаған бір бөлмелі пәтерлер бар. Пәтердің көлемі 19 шаршы метр. Бұл ауданда мұндай пәтер бағасы 29 мың доллар. 27 мың долларға Рысқұлов пен Тілендиев көшелерінің қиылысындағы "Құрылысшы" ықшам ауданынынан 2009 жылы салынған үйлерден жартылай жиһазбен жабдықталған бір  бөлмелі пәтер алуға болады.  Бұл пәтерлердің көлемі 21,5 шаршы метр. 

"Құрылысшы" ықшам ауданындағы пәтер

30 мың доллардан бастап "Қалқаман", "Көкжиек" ықшам аудандарынан 2011-2014 жылдары салынған үйлерден 20-64 шаршы метрге дейінгі бір бөлмелі пәтерлерді сатып алуға болады. Осы аудандарда бір бөлмелі үйлердің құны 70-80 мың долларға дейін барады. 53 мың долларға "Алғабас" секілді ықшам ауданнан 36 шаршы метрлік бір бөлмелі пәтер келеді. 

"Алғабас" ықшам ауданындағы пәтер

"Дорожник" ықшам ауданында 2012-2014 жылдары салынған үйлерде 20-40 шаршы метрлік бір бөлмелі еурожөндеуден өткен пәтерлер 32-52 мың доллар аралығындағы бағамен сатылуда.

"Дорожник" ықшам ауданы

Алмалы ауданындағы "Мечта" тұрғын үй кешенінде 20 шаршы метрлік бір бөлмелі пәтерлерді шамамен 39-48 мың долларға алуға болады.

"Мечта" тұрғынүй кешені

Асқаров көшесі мен Әл-Фараби даңғылының қиылысында орналасқан "Асқар Тау" тұрғынүй кешенінен (2013 жылы салынған) 26-33 шаршы метрлік бір бөлмелі пәтерлерді 48-54 мың долларға алуға болады.

"Асқар Тау" тұрғынүй кешеніндегі пәтер

Қала орталығында 2009-2011 жылдары салынған үйлердегі 40 шаршы метрлік бір бөлмелі пәтерлер  60 мың доллар тұрады. Медеу ауданындағы "Думан" ықшам ауданында салынғанына 5 жылдай болған үйлердегі 45 шаршы метрлік бір бөлмелі пәтерлер 65 мың доллар. Бостандық ауданындағы Егізбаев пен Сәтпаев көшелерінің қиылысында орналасқан "Асыл Тау" тұрғын үй кешенінен қолжетімді бағаға бір бөлмелі пәтерлер алуға болады. Іші толық біте қоймаған бір бөлмелі пәтер осы ауданда 72,5 мың доллар. 

"Асыл Тау" тұрғын үй кешені

Өте қымбат бір бөлмелі пәтерлер Медеу ауданындағы Шевченко мен Құрманғазы көшелерінің арасындағы Төлебаев көшесінде орналасқан. Мұнда 2012 жылы салынған жаңа үйлердегі бір бөлмелі пәтер 280 мың доллар. Оның көлемі 70,9 шаршы метр. Үйдің күзетшісі, бейнебақылауы, бейнедомофоны, дабылқаққышы бар. 

Қала бойынша қымбат саналатын пәтерлер "Көктем" кешеніндегі De Luxe класындағы 2014 жылы салынған үйлердегі бір бөлмелі пәтерлер. Оның құны 203 мың доллар. Бұл үйлер Бостандық ауданындағы Жамбыл мен Мұқанов көшелерінің қиылысында. Пәтердің көлемі 58 шаршы метр. Бір шаршы метрдің бағасы 3500 доллардан басталады. Бұл үйлерді пайдалануға 2014 жылдың аяғында береді. 

Одан кейін Қожанов көшесі мен Әл-Фараби даңғылының қиылысындағы "Бағанашыл" ықшам ауданында 2012 жылы салынған үйлердегі бір бөлмелі пәтерлер 200 мың доллар шамасында. Пәтерлер толықтай жиһазбен жабдықталған, 65 шаршы метр. 

Төртінші орында Бостандық ауданында Тимирязев пен Наурызбай батыр көшесінің қиылысында 2010 жылы салынған үйлер. Ол жерде 61 шаршы метрлік  бір бөлмелі пәтердің құны шамамен 180 мың доллар.

Ал осы аудандағы Сәтбаев пен Жароков көшесінің қиылысында орналасқан 2013 жылы салынған үйлерде 50 шаршы метрлік бір бөлмелі пәтердің бағасы 176 мың доллар. 

Қымбат үйлердің бестігіне Медеу ауданындағы 2014 жылы салынған "Европолис" тұрғын үй кешеніндегі пәтерлер кіреді. Достық пен Омаров көшелерінің қиылысында орналасқан үйлердегі 94 шаршы метрлік бір бөлмелі пәтердің құны 170 мың доллар. Сондай-ақ қаланың басқа да аудандарындағы элиталық үйлерден 155 мың долларға да бір бөлмелі пәтер алуға болады. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай