14 қазан 2014 14:58

Алматыда жинақ банкі бойынша берілетін бір пәтерге 10-нан астам адам таласады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Алматыда Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісімен берілетін бір пәтерге 10-нан астам адам таласады. Мұндай жағдай Астанада да байқалады. Бұл туралы ОКҚ Алматы филиалындағы брифингте "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ төрағасы Айбатыр Жұмағұлов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматыда Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісімен берілетін бір пәтерге 10-нан астам адам таласады. Мұндай жағдай Астанада да байқалады. Бұл туралы ОКҚ Алматы филиалындағы брифингте "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ төрағасы Айбатыр Жұмағұлов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бағдарламаның танымал болуына байланысты сұраныс (ТҮҚЖБ желісі бойынша пәтерлерге. - Авт.) артты", - дейді Жұмағұлов. Оның айтуынша, сұраныс ұсыныстан үш есе көп. "Алматы және Астана сияқты қалаларда 5-10 есе", - деп нақтылады спикер. Сонымен бірге ол Қазақстан аймақтарында пәтерлерді ТҮҚЖБ желісі бойынша сату да белсенді түрде жүріп жатқанын айтты.

Жұмағұловтың айтуынша, жинақ банкі желісі бойынша барлық бағыттағы категориялар үшін жыл соңына дейін 350 мың шаршы метр тұрғын үй енгізу жоспарланып отыр. "Әкімдіктермен жасалған келісім бойынша бүгінге дейін 450 мың шаршы метр жоспарланып отыр. Егер онда белгілі бір нысандар кейінге - бір немесе екі айға қалып жатса олар келесі жылға өтеді. Бірақ біз бұған қарамастан жыл соңына дейін енгізу жоспар аясында болады деп отырмыз, яғни 350 мың шаршы метрден кем болмайды", - деді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі басшысы.

Жұмағұлов жас отбасыларға арналған бағдарламалар аясында да осындай жоспарлар бар екенін айтты, яғни жыл соңына дейін 100-150 мың шаршы метр енгізіледі. "Осы бағдарламалар аясында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне 52 миллиард теңге бөлінген. Бірақ осы ақшаның 70 пайызы - клиенттердің жинаған өз ақшасы да, ал 30 пайызы - ел бюджетінен бөлінген қаржы", - деді ТҮҚЖБ басшысы. Жұмағұлов сонымен бірге жеткілікті көлемде енгізілсе банк бүгінде бұл шаршы метрлерді сатып алуға қосымша 150 миллиард теңге тартуы мүмкін.  

Спикердің айтуынша, бүгінде жинақ банкі арыз қабылдау кезінде есептеуде кететін қателіктердің алдын алу үшін адам факторын мүлдем алып тастаған. "Бүгіннен бастап электронды түрде арыз жазуға болады. (...) Тарату да автоматтандырылды. Сонымен бірге, біз балдарды есептеуді жеңілдеттік. Егер бұған математика бойынша терең білім керек болса, енді баллдарды сайттан есептеп алуға болады", - деді ол. Оның сөзіне қарағанда, банк қажетті құжаттарды азайтқан және оңайлатқан.

"Сондай-ақ, тұрғын үй құрылыс жинақ туралы келісімшартын ашу үшін жеке куәлік қана қажет, ал жас отбасылар үшін жеке куәліктен басқа, әкімдіктен жолдама алу керек. Бағдарламаға қатысуға комиссияларды алып тастадық, сондықтан шектеусіз арыз жазуға болады, өтініш беруге комиссия алынбайды", - деді Жұмағұлов брифингте. Бұдан басқа, егер клиенттің ертеден жинаған қаржысы болса, оның шешімі банкке келген күні шығатынын айтылды.    

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі төлем қабілетін тексеру бойынша өтініштерді қараудағы рәсімдеулерді үш есеге қысқартты. Бұл кезекке тұруды азайтуға көмектескен. Сонымен қатар, ТҮҚЖБ басшысы шағымдардың саны жеті есе азайғанын айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети