22 тамыз 2018 10:41

Алматыда студенттер үшін 37 жатақхана салынады

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі ©Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда алдағы үш жылда студенттерге арналған 37 жатақхана салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда алдағы үш жылда студенттерге арналған 37 жатақхана салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі таңда жеті жатақхана құрылысы жүріп жатыр, оның төртеуі биылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Тағы 12 университетте 4,8 мың орындық жатақхана салу үшін алаңдар анықталды. Бұдан басқа, қалада 19 жатақхана құрылысы үшін жер бөлінді. Қазақстандық ЖОО-лардың үштен бір бөлігі орналасқан Алматыда 22 мыңнан аса студентке жатақхана қажет. 

Қала әкімі Бауыржан Байбек құрылыс қарқынын тексерді. Ол Бостандық ауданындағы 400 орындық алты қабатты жаңа жатақханаға барды. Бүгінде жатын және тұрмыстық бөлмелер қажетті жиһазбен және техникамен жабдықталып жатыр. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің басқа қаладан келген студенттерін орналастыру мәселесі толығымен қамтамасыз етіледі. 

Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да 600 орындық тоғыз қабатты жатақхана құрылысы аяқталуға жақын. Қазіргі уақытта 11 мың шаршы метр ауданды қамтитын ғимараттың іші жөнделіп, тиісті аумақты абаттандыру жұмысы жүріп жатыр. 

2018 жылдың көктемінде мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бес әлеуметтік бастаманы жариялап, елдегі студенттерге арналған жатақханалар жетіспеушілік мәселесін шешуді тапсырған.

Сонымен қатар, биыл "Алматы жастары" бағдарламасы жалғасып жатыр. Жас отбасыларға тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік беру үшін бастапқы төлемсіз 5 пайыз мөлшерлемеде жергілікті бюджеттен 2 миллиард теңге бөлінді.

Былтыр Алматыдағы тұрғын үй құрылысының қарқыны 4 есе өсті, ал әрбір үшінші кезекте тұрған пәтерге қол жеткізді. 1,9 миллион шаршы метр тұрғын үй салынды, немесе 16,5 мың жаңа пәтер. Жақын арада 17 мыңнан аса пәтер салынады.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети