1. Басты
  2. Біл
  3. Экономика
  4. Жылжымайтын мүлік

Арыс қаласын қалпына келтіруге атсалысқан құрылысшылар марапатталды27 тамыз 2019, 17:22

© primeminister.kz © primeminister.kz

Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары 17 секторға бөлініп, облыс пен аудандарға тапсырылған болатын. Соның бірі Атырау облысы мен Жетісай ауданына қарасты № 1-сектор. Қазіргі таңда аталған аумақта құрылыс әрі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызмеіне сілтеме жасап.

Осыған орай, бүгін Арыс қаласындағы құрылыс жұмыстарына белсене араласқан құрылысшылар, еріктілер, сондай-ақ, Атырау облысы мен Жетісай ауданы әкімдігінің қызметкерлері арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Сектор аумағында тұратын арыстық жергілікті тұрғындарға арналып мерекелік концерт ұйымдастырылып, дастарқан жайылды.

Айта кетерлігі, №1-сектор Көктем шағын ауданында орналасқан. Аумаққа қарасты 571 үйдің 468-і жөндеуден өткен. Оның ішінде 55 үй толықтай басынан тұрғызылып отыр. Бұдан бөлек, 11 кәсіпкерлік нысан жөнделген. Құрылысты барлығы 13 мердігер компания жүргізді. Жалпы құрылысқа 700-ге жуық құрылысшы мен 12 техника жұмылдырылған.


Еуро бағамы 500 теңгеден асты