09 қыркүйек 2015 14:10

Астана әкімдігі елордадағы маңдай беті нашар ғимараттарды өз есебінен өзгертетін болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астана әкімдігі елордадағы маңдай беті нашар ғимараттарды өз есебінен өзгертіп бере алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астана әкімдігі елордадағы маңдай беті нашар ғимараттарды өз есебінен өзгертіп бере алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Парламент Мәжілісінің депутаттары бірінші оқылымда құрылыс бағасын белгілеу, сәулет-құрылыс бақылауын жүргізу, сонымен қатар, пайдалануға берілетін нысандарды қабылдауға қатысты жобаның түзетулерін мақұлдады.

Бұл заң жобасы ҚР астанасының статусы туралы заңға нақтылау енгізуді ұсынады, ол қаланың бірыңғай сәулетті бейнесін келтіру мақсатында жергілікті атқарушы органның құзыретіне кіретін болады.

"Елорданың бірыңғай сәулетті бейнесін келтіру үшін ғимараттардың маңдай беті төмен сапада жасалғандарын жергілікті билік есебінен ауыстыру механизмін енгізу қарастырылып отыр", - деді заң жобасын таныстырған депутат Серікжан Қанаев.

Оның айтуынша, бұрын астаналық жергілікті атқарушы органдарда мұндай тетік болмаған. "Біз астанамыздың көрікті болғанын қалаймыз ғой, сондықтан маңдай беті нашар ғимараттардың, үйлердің, имараттардың сыртын өзгертуге қаржы бөлу мүмкіндігін жергілікті бюджетке тапсыру туралы шешім қабылдау дұрыс болды деп есептеймін", - деп мәлімдеді депутат және ол бөлінетін соманың көлемі жайында айтуға әлі ерте екенін, оның көлемі бюджет кірісіне байланысты болатынын айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети