28 сәуір 2014 10:44

Астанада "Ақылды үйлер" салынуда

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазір Астанада "Edel" ақылды үйлерінің құрылысы бой көтеруде. Жаңа тұрғын үй кешенінде ақылды үйлерге қатысты барлық ерекше белгілер  ескеріліп, құрылыс жобасы барынша жинақы, сыпайы және ауқаттылықты көрсетіп тұратын бейнеде болмақ.


Қазір Астанада "Edel" ақылды үйлерінің құрылысы бой көтеруде. Жаңа тұрғын үй кешенінде ақылды үйлерге қатысты барлық ерекше белгілер  ескеріліп, құрылыс жобасы барынша жинақы, сыпайы және ауқаттылықты көрсетіп тұратын бейнеде болмақ.

Тұрғын үй кешені қарқынды дамып келе жатқан Астананың орталығында Есіл өзенінің аумағында орналасқан. Қазірде бұл аймақ ақылды үйлердің салынуына өте қолайлы аудан саналып отыр. Ақылды үйлердің маңында "Park Inn", "Radisson Astana", бизнес-орталықтары және "Арман" заманауи мейрамханасы бар.

Тұрғын үй кешенінің жобасы толығымен еуроапалық үлгіде салынады. Тік бұрыш бейнесінде салынатын екі үй 14-20 қабаттан тұрады. Аталмыш ақылды үйлерде үш қабатты автотұрақ қоса салынуда.

Сондай-ақ аталмыш аумақтан мектеп-лицей, балабақша, поликлиника, супермаркеттер, дәріханалар, банктердің филалдары және фитнес клубтарды қоса салу жоспарлануда. Тұрғын үй кешінін салу барысында құрылыстың сапасы мен инженерлік жұмыстарға барынша назар аударылады.

Мамандар "бұл ақылды үйлердің интелектуалдық жүйесі белгиялық "Ақылды үй" компаниясының жабдықтарымен қамтылған" деп отыр.

Бір бөлмелі және екі бөлмелі пәтерлерде электр-энергиялардың тербелісі, апатты жағдайдарды бақылау жүйесі СМС арқылы хабарланып отырады.

Ал үш-төрт бөлмелі пәтерлерде барлық үйді бақылайтын, қадағалайтын бағдарлама жүйесі орналасқан.

Тұрғын үй кешенінің құрылысын "Sana group" холдинг құрамына енетін "Юникум Астана" компаниясы жүзеге асыруда. Компания қазірде немістің "KVL Group" компаниясымен келісімшарттарға отырып, солардың тәжірибесімен бөлісуде.

"Sana group"  холдингінің портфельдік құрамына қазірде 12 компания кіреді. Аталмыш компания елімізде Тұрғын үй кешінін салумен, заманға сай офистік нысандар және көп функционалды кешендер құрылысымен айналысады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети