20 сәуір 2016 17:09

Астанада баспаналары ең көп сұранысқа ие аудан анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астанада баспаналары ең көп сұранысқа ие аудан анықталды. "Крыша" басылымының мәліметінше, елорда тұрғындары пәтерді Есіл ауданынан көбірек іздейді екен. Мамандардың айутынша, жалпы сұраныстың 56 пайызын осы аудан қамтып отыр.


Астанада баспаналары ең көп сұранысқа ие аудан анықталды. "Крыша" басылымының мәліметінше, елорда тұрғындары пәтерді Есіл ауданынан көбірек іздейді екен. Мамандардың айутынша, жалпы сұраныстың 56 пайызын осы аудан қамтып отыр.

Есіл ауданында жылжымайтын мүлік бағасы қала бойынша ең қымбаты - шаршы метрі 400 мың теңгеге тең екені анықталды. Сонымен қатар, сатылымға қойылған тұрғын үйлердің негізгі бөлігі де осы ауданға тиесілі. Болжам бойынша, мұнда әрбір алтыншы пәтер сатылымға қойылған.

Жылжымайтын мүлікті сату жөніндегі жарнаманың көптігі бойынша екінші орында Алмалы ауданы тұр. Бұл ауданда шаршы метрдің орташа бағасы - 351 800 теңге.

Елордадағы танымал аудандардың арасында Сарыарқа да бар. Мұнда шаршы метрдің орташа бағасы 334 400 теңгеге тең. Салыстырмалы түрде қымбат үйлерді саябақ, сол жағалау, сонымен қатар Республика даңғылындағы ескі алаңнан кездестіруге болады.

Қаладағы 50-60 жылдары салынған үйлердің бағасы арзанырақ болып отыр. Мысалы, Алматы ауданында пәтердің әрбір шаршы метрі 230 мың теңгеге бағаланған.

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети