02 маусым 2014 16:39

Астанада "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасы бойынша жас отбасылардан құжат қабылдау басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

"Қолжетімді тұрғын үй-2020" бағдарламасына сәйкес құжат қабылдау 2-14 маусым күндері арасында жалғасады, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


"Қолжетімді тұрғын үй-2020" бағдарламасына сәйкес құжат қабылдау 2-14 маусым күндері арасында жалғасады, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Халық үшін тұрғын үйге қол жетімділікті одан әрі қамтамасыз ету Үкіметтің 2012 жылғы жасаған "Қолжетімді тұрғын үй-2020" бағдарламасы бойынша жүзеге асып отыр.

Қазір баспана алудың бірнеше бағыттары көзделіп отыр. Соның бірі "Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ желісі бойынша бойынша жүзеге асады. Биыл қала әкімдігінің шешімімен жас отбасылар үшін пәтердің әрбір шаршы метрінің бағасы 120 мың 672 мың теңге болып бекітілген.

"Қол жетімді тұрғын үй-2020" бағдарламасына сәйкес құжаттар халыққа қызмет көрсету орталықтарында қабылданады. Бағдарлама үшін электронды кезек орналастырылған. Ол қаланың үш ауданында да бар. Жалпы, бұған қатысты мәселе жеткілікті. Бірақ ұйымдастыру жұмыстары толық жұмыстары толық қамтылып отыр. Осы орайда халықтан сабырлық сақтауын сұраймыз. Неге десеңіз, құжат элоктронды кезек арқылы қабылданады", - дейді Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын сақтауды бақылау бөлімінің басшысы Руслан Бешеев.

Р.Бешеевтің сөзінше, ХҚКО алдында тізім жасап жүргендердің әрекеті заңға сәйкес келмейді екен. Ондай азаматтар алаяқтық жолмен ақша табу үшін әкімшіліктің жұмысына айлакерлікпен кедергі жасап отырса керек. Тіпті, мұндай іспен айналысқандар ІІД мен қаржы полицейлерінің қолына түссе де әлі кездесіп отыр. Сонымен қатар, құжат қабылдау кезінде, жас отбасылардың соңғы бес жыл ішінде жеке баспанасы болған-болмағаны да қатаң ескеріледі.

Анықтама үшін: Астана қаласының уәкілетті органы - Тұрғын үй басқармасы 2014 жылдың 2 маусымынан бастап құжаттарды қабылдаудың басталуы туралы хабарлайды. Құжаттарды қабылдау 2014 жылдың 14 маусымына дейін жалғасып, кемінде екі жыл Астана қаласында тұрған, некеде тұрған ерлі-зайыптылар тіркеле алады, сондай-ақ, екеуі де 29 жасқа толмаған болуы тиіс. Оның ішінде ажырасқан, жесір қалған отбасылар да өтініш бере алады.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети