08 шілде 2015 18:05

Астанада мемлекеттік бағдарлама бойынша екі тұрғын үй пайдалануға беріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Астана әкімдігінің баспасөз қызметі © Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

Астанада мемлекеттік бағдарлама бойынша екі тұрғын үй пайдалануға беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астанада мемлекеттік бағдарлама бойынша екі тұрғын үй пайдалануға беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана қалалық тұрғын үй басқармасының мәліметінше, мемлекеттік бағдарлама аясында барлығы 12 мыңнан аса азаматқа тұрғын үй алу құқығы берілді. Қазіргі уақытқа дейін 1 980 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілмеген болатын. Айта кетейік, мемлекеттік бағдарламаның екінші кезеңінде қатысушылар арасында тұрғын үйді үлестіру жинаған балл бойынша жүргізіледі.

"Биыл наурыз айында көп балл жинаған мемлекеттік бағдарлама қатысушыларына төлем қабілеттілігін бағалау үшін "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамына жолдама берілген болатын. Қазіргі кезде коммуналдық меншікке Сарыбұлақ арнасы бойында Тілендиев даңғылынан оңтүстікке қарай орналасқан 608 пәтерлік екі тұрғын үй тапсырылды", - делінген әкімдіктің хабарламасында.

Әкімдіктегілердің айтуынша, Астана әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясының отырысы өтті, оның нәтижесі бойынша пәтерлер үлестірілді. Қазіргі уақытта уәкілетті мемлекеттік орган - "Астана қаласының тұрғын үй басқармасы" ММ пәтерлерді сатып алу-сату шарттарын жасау бойынша жұмысты бастады.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта мемлекеттік бағдарлама бойынша екінші нысан - Сарайшық көшесі бойындағы 1056 пәтерге тұрғын үй кешенін тіркеу рәсімі жүзеге асырылып жатыр. Нысанды коммуналдық меншікке рәсімдеу аяқталғаннан кейін, мемлекеттік бағдарлама қатысушылары арасында пәтерлерді үлестіру басталады.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети