Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Астанада тұрғын үй кешеніндегі есігі жоқ балкондарға түсінік берілді

14 Сәуір 2015, 18:43
1
@Тұрар Қазанғапов
@Тұрар Қазанғапов
@Тұрар Қазанғапов
@Тұрар Қазанғапов

Астанада балконға кіретін есігі жоқ үй тұрғызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шәкәрім Құдайбердіұлы көшесіндегі "Мұнар" тұрғын үй кешенінің техникалық қабатында балкондар бар. Бірақ, балконға шығу мүмкіндігі жоқ, себебі балкондарға есік салынбаған.

Бұл тұрғын үйді "АССМ1" компаниясы тұрғызды. Компания өкілдерінің айтуынша, балкондар әлі де жөнделеді, дегенмен, есік сол күйі салынбайды.

"10 қабатты үйдің соңғы қабатында инженерлік жабдықтар мен коммуникациялық құралдарды қоюға арналған қабат бар. Сол жерде табиғи желдету жүргізілетін кішкентай терезелер салынды. Техникалық қабаттағы саңылау балкон болып есептелмейді. Эксплуатацияға дейін олар әлі де жөнделеді", - деді компания өкілдері.

Құрылыс компаниясы "Мұнар" тұрғын үй кешені 10 қабатты екі үй мен 16 қабатты үш мұнарадан тұратын кешен екенін айтты. Оған ауданы 40.8-ден 95 шаршы метрге дейін жететін 580 пәтер, 254 көлікке арналған жерасты автотұрағы кіретіні белгілі болды.

В АССМ1 компаниясы "Мұнар" тұрғын  үй кешенін 2009 жылғы дағдарыстан кейін Астана әкімдігінің қолдауымен ғана салынып бітіп жатқан проблемалы нысандардың бірі екенін айтып өтті. Яғни, тұрғын үй кешенін басқа компания бастап салған, кейін келесі компанияның иелігіне өткен.

Тұрғын үй кешені 2014 жылдың аяғында ғана пайдалануға берілді. Он қабатты үйлердің біріне ғана адамдар көшіп үлгермеді.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай