24 қыркүйек 2017 11:53

Астанада немесе Алматыда пәтер сатып алу үшін табыс қандай болуы қажет?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© liter.kz © liter.kz

"Крыша" басылымы отбасыға мемлекеттік бағдарламаға қатыспай баспана (13 миллион теңгеге бір бөлмелі пәтер) сатып алу үшін табысы қандай болуы қажет екенін көрсететін есеп жариялады.


"Крыша" басылымы отбасыға мемлекеттік бағдарламаға қатыспай баспана (13 миллион теңгеге бір бөлмелі пәтер) сатып алу үшін табысы қандай болуы қажет екенін көрсететін есеп жариялады.

Сонымен, 150 мың теңге жалақы алсаңыз (Алматы тұрғынының орташа табысы осындай) қатаң үнемдеу кезінде де отбасыңызды асырау және баспанаға қаражат жинау мүмкін емес. 

200 мың теңге табыс түсіп отырса алғашқы жарнаға (3,9-4 миллион теңге немесе баспана құнының 30 пайызы) 10 жыл ақша жинайсыз. Ал ипотекасыз үй алуға ақша жинау мерзімі 20 жыл болады (бұл жағдайда ақшаны жылдық тиімді мөлшерлемесі 10 пайыз болатын депозитке салып отыруыңыз қажет).

Отбасының жалпы табысы 300 мыңнан 400 мың теңгеге дейін болса, бір бөлмелі пәтердің алғашқы жарнасын 5 немесе 3 жылда жинауға мүмкіндік бар. Бірінші жағдайда ай сайын депозитке 100 мың теңге салып отыру қажет болса, екіншісінде - 50 мың теңге. Ипотекасыз пәтер алу үшін біріншісінде 7-8 жыл қажет болса, екіншісінде 12-13 жыл қажет.  

Жалақы 500 мың теңге болса бес жылға жетпейтін уақытта бір бөлмелі пәтер сатып алуға болады. Мұндай табыс ай сайын 200 мың теңгені депозитке салып отыруға мүмкіндік береді. Алайда бизнес-кластағы үй болса, ипотекасыз алу мүмкін емес. 

Ал отбасыда екі адам жарты миллион теңге табыс тапса, ай сайын 500 мың теңге жинай отырып, 5 жыл ішінде 40 миллион теңгеге қол жеткізуге болады. "Бұл ақшаға орта деңгейлі коттедж сатып алуға болады", - деп жазады басылым тілшісі.

Сонымен қатар, "Крыша" алматылықтардан пәтерге немесе баспана алуға алғашқы жарна жинауға ай сайынғы табыс қанша болуы керектігі жайлы сауалнама алыпты. Мегаполис тұрғындары пайыздық мөлшерлеме мен баспана құны жайлы ойын бөлісті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети