08 тамыз 2019 09:43

Биыл Таразда тұрғын үй мәселесіне қанша қаражат жұмсалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысының орталығы Тараз шаһарының әкімі Досаев Қайрат қаладағы тұрғын үй мәселесі туралы есеп берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Жамбыл облысының орталығы Тараз шаһарының әкімі Досаев Қайрат қаладағы тұрғын үй мәселесі туралы есеп берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Тұрғын үй бойынша 26 нысанның құрылысына 11,8 миллиард теңге бөлінді (РБ - 2,2 миллиард теңге, ОБ-1,0 миллиардтеңге, ІҚ - 6,9 миллиард теңге, ЖБ - 1,6 миллион теңге). Олар: әлеуметтік осал топтағы азаматтарға, аз қамтылған көпбалалы отбасыларға  арналған - 5 арендалық тұрғын үй  және  21 кредиттік тұрғын үй. Нысандардың  құрылыс жұмыстары жалғастырылуда.

2019 жылы тұрғын үй мен инженерлік инфрақұрылым құрылысына 43 нысанға бюджет есебінен 15,5 миллиард теңге бөлінген (Республикалық бюджет есебінен - 3,9 миллиард теңге;  Облыстық бюджет есебінен - 2,0 миллиард теңге; Ішкі қарыздар есебінен - 6,9 миллиард теңге; Жергілікті бюджет есебінен - 2,6 миллиард теңге).

21 тұрғын үйдің 10 үйі 2018 жылдан өтпелі. Оның ішінде, 4 кредиттік тұрғын үй пайдалануға тапсырылады. Ал, 6 кредиттік тұрғын үй тамыз айының соңына дейін қабылданады. Жаңа 16 тұрғын үй (60 пәтерлі кредиттік-11 үй, 80 пәтерлі арендалық-5 үй) 2020 жылға өтпелі.

Алайда, бүгінгі таңда 16 үйдің құрылыс жұмыстары қарқын жүруіне байланысты жыл соңына дейін 10 тұрғын үй пайдалануға тапсырылуы жоспарлануда. Ал, қалған 6 үй  2020 жылға өтпелі. (15-16 слайд)

Елбасының тапсырмасына сәйкес, халық үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру  мақсатында "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында Ы.Сүлейменов көшесінің соңындағы 20,4 гектар алқапта 205 жеке тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бағдарламаға сәйкес тұрғын үйлердің құны 1 шаршы метр - 120,0 мың теңге. Аталған үйлер 3 түрлі жобамен әзірленуде:

- 68 үй (80 шаршы метр) - 9,6 миллион теңге;
- 68 үй (116 шаршы метр) - 13,92 миллион теңге;
- 69 үй (125 шаршы метр) - 15,0 миллион теңге.

Бағдарлама аясында 2018 жылы 5 үй пайдалануға тапсырылса,  биыл 9 үй ("Ремстрой-СС" ЖШС-4 үй, "Компания сырым блеке" ЖШС-5 үй) пайдалануға тапсырылды. Одан бөлек, 51 үйдің құрылысы жүргізілуде, оның ішінде 9 үй бойынша ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде, 7 үй бойынша қабырғалары көтерілген, 11 үй бойынша ірге тастары аяқталған, 15 үйдің сыртқы жұмыстары аяқталып, ішкі әрлеу жұмыстары аяқталмаған, 9 үй бойынша траншеялар дайындалған. Бүгінгі таңда, жеке тұрғын үйлер магистралдық инженерлік инфрақұрылыммен (гектарз,су,кәріз) қамтамасыз етілген. Уақытша электрмен, ауыз және кәріз сумен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстары толық аяқталған, әр үйге қосу жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі күнге, салынаған тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарын жандандырып, тұрғындарға қолайлы түрде тапсырылуын қамтамасыз ету мақсатында арнайы штаб құрылып, 115 еріктілер (волонтер) тартылып, кезекте тұрған азаматтарға 7421 ескерту хат таратылды. Оның ішінде 3192 азамат бағдарламаға қатысуға ниет білдірген. Ал, 141 азаматқа бағдарламаға қатысу үшін төлем қабілеттілігін анықтау мақсатында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне жолдама берілді. Оның ішінде 10 азаматтың алдын-ала төлем қабілеттілігі расталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети