07 тамыз 2017 13:14

БЖЗҚ-ның жақын кезеңге арналған даму жоспары бекітілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© qazaquni.kz © qazaquni.kz

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Директорлар кеңесінің отырысында Қор дамуының түзетілген жоспары бекітілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "БЖЗҚ" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Директорлар кеңесінің отырысында Қор дамуының түзетілген жоспары бекітілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "БЖЗҚ" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"2017 жылдың соңына дейін мына міндеттерді орындау жоспарланды: жеке деректемелерді өзгерту туралы өтінішті электрондық түрде беруді жүзеге асыру; өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары және екінші деңгейдегі отандық банктердің бірінің инфрақұрылымы арқылы Қордың электрондық қызметін ұсыну бойынша қанатқақты жобаларды іске қосу; Қор қызметінің ашықтығы мен тұрғындардың хабардарлығын арттыру бойынша шараларды жүзеге асыру", - делінген қордың таратқан хабарламасында.

Сонымен бірге, Қордың электрондық қызметтерін бір емес, бірқатар жеке банктердің инфрақұрылымы арқылы жүзеге асыру, зейнетақы шоттарындағы барлық операция бойынша бірыңғай ақпараттық деректер қорын жасау (ағымдағы және тарихи деректер бойынша) және жеке зейнетақы шотындағы ақпараттарға жалғанған дербес зейнетақы калькуляторын жүзеге асыру міндеттерін жүзеге асыру көзделген. Сонымен қатар тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылаудың біріктірілген жүйесін әрі қарай дамыту үшін сапа менеджменті жүйесі бойынша стандарттар енгізу қажет. 2018 жылдың бірінші жартысында Қор ISO 9001:2015 стандарты бойынша Халықаралық сәйкестік сертификатына қол жеткізбек.

Қордың даму жоспарын жүзеге асыру аясында шығындарды оңтайландыру және басымдыққа ие емес әрі тиімділігі төмен шығындарды қысқарту бойынша жұмыстар атқарылатын болады. Осы жылдың алғашқы жартысында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Қордың шығындары бұған дейін 2017 жылға бекітілген бюджеттен 11,7 миллиард (-28 пайыз) теңгеге қысқартылыпты.

"Бизнес-үдерістер сараптан өткізілді. Бұл бір-бірін қайталайтын және тиімсіз үдерістерді оңтайландыруға және қысқартуға, сондай-ақ еңбек ақы төлеу жүйесі мен ұйымдық құрылымды қайта қарауға мүмкіндік берді. Соның арқасында биыл, бұған дейін бекітілген еңбек ақы төлеу шығындары 2,4 млрд теңгеге (немесе 23 пайызға) қысқартылды.Одан басқа, бөлме-жайларды жалға алу шығындарын бұған дейін бекітілген жоспармен салыстырғанда 419,7 млн теңгеге (немесе 29,8 пайызға) қысқарту ұсынылып отыр. Сонымен қатар 2017 жылға арналған жоспарға сәйкес іссапарлық шығындар бұған дейін бекітілген жоспармен салыстырғанда 71 млн теңгеге (немесе 36 пайызға) қысқартылды", - делінген хабарламада.

2017 жылдың екінші жартысында шығындарды оңтайландыру және өңірлік желіні дамыту аясында "Мобильдік кеңсе" қанатқақты жобасын іске қосуды жоспарланып отыр.

Бұдан басқа, Қордың бөлімшелеріне түсетін ауырлықты, адамдардың келуі және жасалатын операциялардың санына талдау жасап, кейбір шалғай аудандар мен кенттерде кеңсе ашу тиімсіз екені анықталды. Бірақ бұл елдімекендердің тұрғындарына зейнетақылық қызметтердің барлық түрі көрсетіледі. Сондықтан енді Қордың көшпелі кеңсесі қажет жағдайда оларға келіп тұратын болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети