12 ақпан 2014 14:14

Доллардың көтерілуі Тұрғын үй бағасына әсер ете ме?

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Алаш айнасы иллюстрациясы ©Алаш айнасы иллюстрациясы

Көк қағаздың тізгіндегенге көнбей еркін айналымға кеткені біраз қауымды елеңдетіп тастады. Құлағы түрік жандардың дені нақ қазір "не қымбаттайтынын, тағы қандай қызмет құнының бағасы аспандайтынын, қандай мүліктің бағасы шарықтайтынын" өзінше сараптап, сақ жүр. Сондай сараптаулардың ең басты тізімінде: талай қазақтың арманы болғаны баспана бағамы тұр. Кеше еліміздің Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Ерболат Досаев "Пәтерлердiң бағасында өзгерiстер болатын шығар, бiрақ ондай көп болмайды деп ойлап отырмыз. Осы жылы бiзде өткен жылдарға қарағанда инфляцияға қарап, бағаның қалай өскенi белгiлi. Өсiм айтарлықтай болған жоқ. Бүгiн салынып жатқан үйлердің көлемiне қарасақ, осыдан 5-6 жыл бұрынғыдай емес. Көп өзгерiстер болмайды" деп орағытты. Дегенмен, шенеунік баспана бағасында әйтеуір бір өзгеріс болуы мүмкін екенін ескертіп өтті. Осы тұста Алаш айнасы доллардың күрт көтерілуі Тұрғын үй нарығына қалай әсер етеді? Баспана нарығындағы бағаны монополистер мен қалай құбылтуы мүмкін? Банктер қалай әрекет етеді? Жалпы, баға қалай түзілмек?" деген сауалдарға жауап іздеп көрді. Әуелі банктерден бастасақ Сарапшы мамандардың пайымдауынша, елдегі банктер болашақта сыртқы қарыздарынан құтылудың барлық амалдарын қарастыра бастайды. Осы тұста банктер өздерінде кепілде тұрған үйлерді сатуға шығаруға өзінен-өзі мәжбүр болады. Әрине, егер банктер кепілде тұрған үйлерін сатылымға нарықтық бағамен шығарса жақсы. "Бірақ банктердің халыққа арзан бағамен тұрғын үй ұсынбайтыны даусыз. Осыны ескерсек, Тұрғын үй саласынан нанын тауып жүрген қайсыбір банкирлердің айтып жүргеніндей, болашақта еліміздің барлық аймақтарында тұрғын үй бағасы 7-8 пайызға қымбаттауы мүмкін" дейді мамандар. Мейрам Қабдрахманұлы, сарапшы-маман: - Қайсыбір мемлекеттер тұрғын үй ипотекасын, тұрғын үйлерді жалға беру тәсілін үйіріп те әкете алды. Ал біздің елімізде бұл үрдіс осы уақытқа дейін сауатты түзілмеді. Білесіз, "Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ капиталын көбейтіп, сол арқылы жеңілдетілген несие беру әдісін қолданысқа енгізе бастаған тұста "бұл әдіс бірінші реттегі нарықта үй алуға ұсыныс артып отыр. Ол міндетті түрде екінші реттегі нарыққа әсер етеді де, алдағы уақытта бұл өз нәтижесін беріп, мысалы, 140 мың доллар тұратын тұрғын үйлер 50-60 мың долларға түсетін болады" деп шенеуніктер осыдан үш-төрт жыл бұрын болжаған еді. Дегенмен, содан бері халық арзан үйге қол жеткізе алмады. Бүгінде екінші деңгейлі банктердің де ипотека беру үрдісі тоқтатылды. Шенеуніктер былтырғы инфляциямен алдағы түзілер нарықтағы бағаны болжағанды қою керек. Былтыр доллардың құны басқаша болды, ал қазір жағдай басқаша. Білесіздер, біздің қарапайым тұрғындардың басым бөлігі баспананы осы банктер арқылы алуға үмітті. Кепілде тұрған үйлері бар, әр түрлі мемлекеттік бағдарламаға қатысатын банктер бар енді олар өздерінің халыққа баспана беру әдісін қайта қарауды Үкіметке ұсынуы мүмкін. Сондықтан баспана бағасы арзандайтын тетіктерді көріп отырғанымыз жоқ. Керісінше, жағдайды өз пайдаларына шешіп алуды көздейтін банктер бұл жерде қарап қалмайды. Сөйтіп, Алаш айнасына пікір білдірген сарапшы мамандардың айтуынша, доллардың күрт көтерілуі баспана нарығына әсер етпей қоймайды. Екінші деңгейлі банктердің Тұрғын үй ипотекасын тоқтатқанын, баспанамен қамтуға қатысты мемлекеттік бағдарламалардың тұрғындардың жас аралықтарына, жинақ салымдарына, әлеуметтік жағдайларына қатысты өзіндік шектеулері де бар екенін, болашақта баспанаға деген сұраныс еселене түсетінін алға тартқан мамандар Тұрғын үйдің бағамы төмендемейтінін алға тартты. Қауіп монополистерден де келеді Абзалында, Тұрғын үй нарығына қатысты мамандар "банктер өз алдына мұндайда монополистер де қарап қалмайды" деседі. Жалпы, соңғы 12 жылда елдегі баспана бағасы 600 пайызға дейін қымбаттағанына басымдық беріп отырған мамандар "бұл жерде монополистер тағы да сол жабайы нарық қағидасына жүгініп кетеді" деп отыр. Атамұрат Шәменов, экономист-ғалым: - Негізінде доллардың бұлайша күрт өсуі ішкі нарыққа айтарлықтай әсер етпеуі керек. Ол сыртқы нарықтағы бағаға, экспортқа, сыртқы сауда-саттыққа әсер етуі тиіс. Ал отандық өнім, отандық кәсіпорындар, отандық ішкі нарық бұдан зардап шекпеуі тиіс. Тұтынушылар да соған орай қымбатшылықты аса сезінбеуі керек-тін. Нарықтың заңдылығының өзі осы. Бірақ бізде жабайы нарық қалыптасып кеткен. Доллар көтерілсе бітті, сол долларға қатысы жоқ саланың өзінде бағаның өсімі болады. Мысалы, азық-түлік нарығын алайықшы. Доллардың құны көтерілді ме, азық-түліктің де құны демде өсіп шыға келеді. Бұған себеп "біз елге азық-түліктің 80 пайызын импорттап әкелеміз" деп ақталсақ та, бұл жерде отандық өндірісшілер тауар бағамын аспандатпауы тиіс. Сонда отандық өнімге деген сұраныс артып, импорт өзінен-өзі қалтарыста қала беретін еді. Бірақ бұл заңдылыққа отандық монополистер бағынбай тауарының құнын одан әрі өсіре береді емес пе? Сол тәрізді Тұрғын үй саласын алайық, мұндайда құрылыс материалдарының 80-90 пайызын сырттан әкелетін бұл салада баға қымбаттамайды, оған "алғышарт жоқ" деп бейқам отыруға тағы болмайды. Бағаны монополистер қымбаттады. Құрылыс материалдарын шеттен әкелетіндіктерін желеу етіп олар қазірдің өзінде бағаны өсіріп қойды, ал енді бір-бір жарым айдан соң бағаны тіпті өсіреді. Тұрғын үйдің құрылысы сол үйдің әрбір шаршы метріне кететін шығынмен байланысты болғандықтан, бұл жерде баға өседі демеске амал жоқ. Осылайша мамандардың пайымдауынша, баспана бағамы жуық арада арзандамайды, керісінше, біртіндеп көтерілуі әбден мүмкін. Әрине, сарапшыларымыздың бұл сөзі баспанаға мұқтаж отбасылардың арманын одан бетер алыстатқандай. Ал енді мұндайда мемлекеттік тұрғыда не істеу керек? Нарықтағы үйлердің 30 пайызы жалдамалы болу керек "Егер мемлекет халықты арзан баспанамен қамтамасыз етуді мақсат тұтса, онда елде жалдамалы тұрғын үйлердің санаты көбейуі керек. Мұндай жалдамалы тұрғын үйлер жалпы алғандағы тұрғын үй нарығының 30 пайызын құрауы керек" дейді мамандар. Бұған қоса мемлекеттік немесе муниципалдық тұрғын үйлер 8-10 пайызға жетсе, сонда ғана елде түйткілі аз, мәселесінің мәні шешілген тұрғын үй нарығы қалыптасады. Міне, қазақтың баспана мәселесін шешу үшін ортақ айналымдағы тұрғын үйлердің шамамен алғанда 30 пайызы тіпті одан да көбі халыққа қолжетімді, арзан болуы тиіс. Ескеретіні, бүгінде тұрғын үй саласындағы жалдамалы арзан жүйе Германияда – 60 пайыздық, Швецияда – 57 пайыздық, Нидерланияда – 55 пайыздық, Данияда – 44 пайыздық, Жапония мен АҚШ-та 34 пайыздық деңгейлік көрсеткішке жеткен. Көршіміз Ресейде бұл көрсеткіш тұрғын үй нарығының жалпы көлемінің 20 пайызын құрап отыр. Өкінішке қарай, мамандар біз үшін бұл межеге жетудің ауылы тым алыстау екенін, біздегі тұрғын үй нарығындағы баға жыл сайын өсім баяу болса да өсім беріп беріп отыратынын, 12 жылдың ішінде баспана бағасын 600 пайызға дейін өсірген бірден-бір ел екенімізді алға тартады. "Егер Тұрғын үй нарығындағы баға бұлай құбыла беретін болса ең кемі 15 жылда да елде арзан үйлердің көрсеткіші 30 пайыздық межені бағындыра алмайды" дейді мамандар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети