27 қыркүйек 2016 11:56

Елімізде 2017 жылы 33 мың пәтер салынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© mln.kz © mln.kz

Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Үкімет отырысында биылғы тұрғын үй құрылысы туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.
 
Қуандық Бишімбаевтың мәліметі бойынша, барлық көздерден пайдалануға берілген тұрғын үй ауданы 2016 жылдың қаңтар-тамыз аралығында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14 пайызға артты. Сонымен қатар, көппәтерлі тұрғын үйлердің ауданы 26,7 пайызға, жеке тұрғын үй 4 пайызға өсті.


Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Үкімет отырысында биылғы тұрғын үй құрылысы туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.
 
Қуандық Бишімбаевтың мәліметі бойынша, барлық көздерден пайдалануға берілген тұрғын үй ауданы 2016 жылдың қаңтар-тамыз аралығында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14 пайызға артты. Сонымен қатар, көппәтерлі тұрғын үйлердің ауданы 26,7 пайызға, жеке тұрғын үй 4 пайызға өсті.

"Оң динамика сақталады және пайдалануға берілетін тұрғын үй үшін мемлекеттік қаражаттан 507 мың шаршы метр салынды. Биыл барлық қаржыландыру көздері есебінен 750 млрд теңгеге шамамен 9 миллион шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр", - деді Бишімбаев.

Министр бұл ең алдымен "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында қабылданған шаралармен, сондай-ақ Үкімет пен Ұлттық банктің дағдарысқа қабылдаған қарсы іс-шараларымен байланысты екендігін атап өтті.

"2020 жылға қарай "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы арқылы 4,5 млн шаршы метр баспана пайданалуға беру қаралған. Осы мақсатта 145 млрд теңге бөлінді, оның ішінде жалға беру және несие салу баспанасына 2015 жылы - 122,5миллиард теңге, ал 2016 жылы "ҚИК" АҚ арқылы жалға берілетін тұрғын үй құрылысын жалғастыру - 22,5 миллиард теңге. Бұдан өзге, биыл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тұрғын үй құрылысына қосымша 360 млрд теңге бөлінді", - деді Қуандық Бишімбаев.

Министрдің айтуынша, мемлекеттік қаражаттың нәтижесінде 2015 жылы және 2016 жылдың қазіргі күніне дейін 22,6 мың отбасыға баспана берілді, ал жыл соңына дейін қосымша 6,8 мың отбасыға баспана қарастырылады. 2017 жылы тағы 33 мың пәтер салынады.

Ал осыған дейін министр Қазақстанның 8 облысында несиелік тұрғын үй құрылысына тартылған қаражатты игерудің әлі басталмағанын хабарлаған болатын. Министрдің айтуынша, биыл  несиелік  тұрғын үй құрылысына  жергілікті атқарушы органдар облигацияларды шығару есебінен 41,7 миллиард теңге  қарастырды, нақты 38,2 миллиард теңгеге облигациялар шығарылды. Облигация сомасының төмендеуінк Павлодар (1,6 миллиард теңге), Қостанай (1,2 миллиард теңге), Алматы (558 миллион теңге) және Атырау облыстарының  (69 миллион теңге) әкімдіктері жол берген.

"Бұдан өзге, бүгінде тартылған қаражатты игеру Алматыда 17 нысан бойынша, 11 нысан бойынша ОҚО-да,  алты нысаннан - Алматы мен Атырау облысында, төрт нысаннан - БҚО, Маңғыстау және Павлодар облыстарында, үш нысан бойынша - Қарағанды облысында және екі нысан бойынша ШҚО-да әлі басталмаған", - деп мәлімдеді Бишімбаев.

Сондай-ақ, ҚР ҰЭМ басшысының баяндамасын сәйкес, ағымдағы жылы жергілікті тұрғын үй құрылысына инженерлік-коммуникациялық  инфрақұрылымды (ИКИ)  жүргізу үшін  110,9 миллиард теңге бөлінді. ИКИ құрылысына бөлінген қаржыны игеру бойынша Ақтөбе, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар облыстары жақсы көрсеткішті көрсетіп отыр.

Ал қаржыны игерудің төмен көрсеткіші Алматы, Жамбыл, Батыс және Оңтүстік Қазақстан және Астанада байқалып отыр. Қуандық Бишімбаевтың айтуынша, әкімдіктер құрылыс жұмыстарын жеделдетіп, жыл соңына дейін қаржыны толық игерулері керек. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети