Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Елімізде ипотека беру талаптары қатаңдауы мүмкін

03 Қыркүйек 2015, 18:04
5
© andornn.ru
© andornn.ru

Қазақстанда ипотека беру талаптары қатаңдауы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұндай пікір "Дағдарыс жағдайындағы жылжымайтын мүлік нарығы" тақырыбында өткен сараптау клубының отырысы барысында айтылды.

"Біз қалай болған күнде ипотека беру талаптары қатаңдайды деген болжам жасап отырмыз. Ол ипотека бойынша мөлшерлемелерді көтеру, қатаң іріктеу немесе қарыз алушыға қойылатын талаптардың қатаңдауы болуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай. Себебі адамдар жұмыстарынан айырылып, табыстары азайып жатыр, әрине банктер осыған сәйкес әрекет ететін болады. Ипотекаға да өзіндік сұраныс бар", - деді kn.kz ақпараттық порталының аналитикалық қызметінің басшысы Анна Шацкая.

Сарапшының айтуынша, қазақстандық банктер 2014 жылы ақпанда болған теңге бағамына түзету енгізуден кейін ипотекалық несие беру талаптарын қатаңдатқан.

Ал сарапшы Анар Қуандықованың айтуынша, қазіргі таңда берілген ипотекалардың саны төмендеді. "Нарықта несиелеу тым аз, яғни олардың көлемі жай ғана төмендеген жоқ, ондаған есеге түсіп кетті. Біз көптеген банктің мұнымен мүлдем айналыспайтынын көріп отырмыз. "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" қазіргі таңда белсенді түрде ипотекалық несиелеумен айналысып жатыр. Сатылым азайды, сатылымның қазіргі көлемі бұрынғы көрсеткіштен бес есеге төмен. Біз қазір нарықтағы сегіз мың ұсыныс тәртібі жайында айтып отырмыз. Бұрын ипотекалық несиелеу дамып келе жатты, нарықта ұсыныс та көбірек болды - 20 мың шамасында, ал қазір сегіз мыңға дейін түсіп кеттік", - деді Анар Қуандықова.

Оның айтуынша, осы жылдың аяғына қарай бұл көрсеткіш бес мыңға дейін түсуі мүмкін. "Яғни, ипотекалық несиелеу жүйесінде ештеңе өзгермесе, іс алға баспаса, біз сол көрсеткішке дейін түсеміз. Ипотекалық несиелеу нарығын дамыту өте қиын. Біз мұның құрылыс нарығы үшін үлкен драйвер екенін түсінеміз", - деді сарапшы.

Айта кетейік, бүгін сарапшылар Қазақстанда 2016 жылдың соңына қарай үйдің бағасы 20 пайызға төмендейтінін айтты.

Айта кетейік, 2015 жылдың 20 тамызында ҚР Үкіметі Ұлттық банкпен бірігіп, теңгенің еркін ауытқу бағамына өту туралы шешім шығарды. Соның салдарынан биржадағы доллар бағамы 198-ден 252-ге дейін көтерілді. Осылайша, бір тәуліктің ішінде теңге 36 пайызға құлдырады.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (5)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай