18 желтоқсан 2019 13:01

Елордада үлескерлер саны 2,5 мыңға азайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жыл соңына дейін елорданың құрылысы ұзаққа созылған проблемалық тұрғын үй кешендерінің саны 10-ға азаяды. Бұл 2,5 мың үлескердің мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Бұл туралы орталық коммуникацялар қызметінде өткенбрифингте қала әкімі Алтай Көлгінов айтты.


Жыл соңына дейін елорданың құрылысы ұзаққа созылған проблемалық тұрғын үй кешендерінің саны 10-ға азаяды. Бұл 2,5 мың үлескердің мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Бұл туралы орталық коммуникацялар қызметінде өткенбрифингте қала әкімі Алтай Көлгінов айтты.

Үлестік құрылыстағы негізгі проблемалар заңсыз құрылыс салушылармен және пайшылардың арасындағы сот ауырлығы, жобалық-сметалық құжаттаманың және сараптаманың, қаржылық және техникалық аудиттің болмауы болды.

"Біз күн сайын әріптестерімізбен бірге проблемалық тұрғын үй кешенінің орнына барып, үлескерлермен кездестік. Барған тұрғын үй кешендерінің жағдайын толықтай көріп, бағаладық: нысандардың құрылысы әр түрлі сатыда болды. Тек қазаншұңқыры бар, іргетасы қаланбаған үйлерде болды. Бір пәтерді екі адамға сатқан жайттар да болды. Жұмыс көп. Әрбір нысан бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. 32 тұрғын үй кешенінің 26-сы бойынша аудит жүргізіп, 13-і бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алдық. 19 нысанның жобалық-сметалық құжаттамасы әзірлеу және түзету сатысында. Биылғы жылы айтарлықтай өзгерістер орын алды және жыл қорытындысы бойынша 10 тұрғын үй кешені қолданысқа беріледі. Бұл 2,5 мың үлескері бар 11 үй. Оның ішінде аса күрделі нысан-Комфорт де Люкс. 2 мың үлескердің проблемалары шешіліп, пайдалануға берілді. "Нұрлы Жер" бағдарламасына өзгерістер енгізілді, бұл инвесторларды іздестіруді жеңілдетуге және құрылыс жұмыстарын жеделдетуге мүмкіндік берді", - деді Алтай Көлгінов.

Бұдан басқа, 30 аса проблемалық нысан, яғни 10 мыңнан астам үлескер, "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша қаржыландырылады. 15 нысанды әкімдіктің көмегімен үлескерлердің өздері салып жатыр. 2004 жылдан бастап тұрған "территория комфорта-1" бұза бастадық. Техникалық тексеру ғимараттың апатты екенін көрсетті. "Нұр Астана Құрылыс" ЖШС бөлшектеу жөніндегі жобаның жетекшісі Алиакбар Үмбеталиннің айтуынша, бұрынғы құрылыс салушы техникалық нормаларға сәйкес келмейтін бетон маркасын пайдаланған.

"Шығыс" ТК - де 8 тұрғын үй тобы, 3 топ бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде, 2 топ бойынша - ЖСҚ әзірлеу, қалғандары бойынша-қаржы моделін әзірлеу; "Алтын Шар" тұрғын үй кешенінің құрылысын "Нұрлы Жер" бағдарламасы аясында аяқтау жоспарлануда. №3 полигонда орналасқан "Жағалау" ТК-де құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

Осылайша, әрбір объект бойынша қадамдық іс-шаралар жоспары әзірленді, объектілердің жол картасы бекітілді.

- 2019 жылы - 10 нысан, 2,5 мың үлескер, оның ішінде 1 аса проблемалық (Комфорт де Люкс);

- 2020 жылы - 22 нысан (7 881 үлескер);

- 2021 жылы - 7 нысан (1 440 үлескер);

- 2022 жылы - 9 нысан (1 446 үлескер);

- 2023 жылы - 4 нысан (1 208 үлескер).

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети