25 қыркүйек 2018 09:40

Гонконгта әлемдегі ең қымбат үй сатылымға шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Гонконгта бағасы 446 миллион АҚШ доллар үй сатылымға шығарылды. Мұны тіпті әлемдегі ең қымбат үй деуге болады, - деп хабарлайды Bloomberg.


Гонконгта бағасы 446 миллион АҚШ доллар үй сатылымға шығарылды. Мұны тіпті әлемдегі ең қымбат үй деуге болады, - деп хабарлайды Bloomberg.

1991 жылы шағын сарай небәрі 15 сотық жерді алып тұр. Үйдің ішінде төрт жатын бөлме, ауласында бассейн мен көлік тұрағы орналасқан. Бұл үй Гонконгтің ең жоғарғы нүктесі Виктория шыңында орналасқан. Шыңнан аралға әсем көрініс ашылады.

Сарапшылардың айтуынша, мұндай қымбат баға тікелей үйдің орналасқан жеріне байланысты. Дәлірек айтсақ, салынған жеріне байланысты екен. "Үй ескі. Егер оны біреу сатып алар болса, үйді бұзып, орнынына басқасын салуы әбден мүмкін", - дейді Executive Homes Hong Kong Ltd жылжымайтын мүлік агенттігінің кеңесшісі Лоуренс Браун.

Агенттіктің мәліметінше, үй Chuang's Consortium International Ltd инвестициялық компаниясына тиесілі екен. Қазіргі уақытта ол жалға берілген. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети