07 қараша 2019 11:23

Жалға берілетін тұрғын үйдің шарттары қандай?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© primeminister.kz © primeminister.kz

Жастар жылын іске асыру аясында Елбасының тапсырмасы бойынша "Нұрлы жер" бағдарламасына Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй құрылысын қаржыландыру тетіктері енгізілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Жастар жылын іске асыру аясында Елбасының тапсырмасы бойынша "Нұрлы жер" бағдарламасына Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй құрылысын қаржыландыру тетіктері енгізілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Өтінім беруші сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй алу үшін өкілетті органға келесі құжаттарды ұсынады: осы Ережеге қосымшаға сәйкес форма бойынша өтініш; өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі (түпнұсқасы жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін ұсынылады); білім туралы құжаттың көшірмесі; неке туралы куәліктің көшірмесі (болған жағдайда); балалардың туу туралы куәлігінің көшірмесі (болған жағдайда); өтінім беруші мен отбасының барлық мүшелерінің жылжымайтын мүлкінің жоқтығы (бар екені) туралы анықтама; жұмыс орнынан анықтама; өтінім берушінің 40 айлық есептік көрсеткіштен кем емес көлемдегі ай сайынғы табысын растайтын соңғы алты айдағы табысы туралы анықтама; Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 35-ші бабына сәйкес еңбек өтілін растайтын құжаттар; банк есепшотының бар екені және нөмірі туралы анықтама және банк есепшоты бойынша ақша қалдығы мен оның аударылуы туралы көшірме; өтінім берушінің түрлі қызмет салаларындағы жеке жетістіктерін растайтын құжаттар (болған жағдайда). 

Баллдарды есептеу баллдық жүйе бойынша жүргізіледі: нарықтағы аса сұранысқа ие 100 мамандық тізіміне сәйкес кәсіпті игерген өтінім берушіге - 10 балл; отбасылы болған жағдайда - 5 балл, некеде тұрған әр жылы үшін за - 2 балл; бір баласы болғаны үшін - 1 балл, одан кейінгі әр баласы үшін - 2 балл; кемінде 1 жыл жеке кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін - 5 балл, за әр жылы үшін -1 балл; өтініш берушінің түрлі салаларда жеке жетістіктері болған жағдайда - 2 балл; бюджеттік ұйымдардағы еңбек қызметі үшін (мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындар) - 5 балл, жұмыс өтілінің әр жылы үшін - 1 балл; екінші деңгейлі банктердің жинақ шоттарындағы (депозиттердегі) жинақтардың әр жылы үшін - 2 балл.

Баллдар тең түскен жағдайда, өтінімді уақыты бойынша ертерек берген үміткерге басымдық беріледі. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети