14 қазан 2019 15:59

Жыл басынан бері 8,8 миллион шаршы метр тұрғын үй берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2019 жылғы қаңтар-қыркүйектегі республикалық бюджеттің орындалуы және еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2019 жылғы қаңтар-қыркүйектегі республикалық бюджеттің орындалуы және еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов биылғы қаңтар-қыркүйек аралығында ЖІӨ 4,3 пайызға өскенін айтты. Өсім құрлыстағы (13,5 пайызға), саудадағы (7,6 пайызға) және көлік саласындағы (5,5 пайызға) шығарылымның ұлғаюымен қамтамасыз етілді. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 9,7 пайызға өсті.

"Биылғы қыркүйекте жылдық инфляция 5,3 пайызды құрады. Бұл жоспарланған дәліз шегінде сақталды. Қантар-тамызда халықтың нақты табысы 6,7 пайызға өсті", - деді ҚР ұлттық экономика министрі. 

Өнеркәсіп өндірісі 9 айда 3,3 пайызға өсті. Өңдеу өнеркәсібі мен кен өндіру өнеркәсібі өсудің драйверлеріне айналды. Өндеу саласында ең жоғары өсуге жеңіл өнеркәсіпте, машина жасауда, сусындар өндірісінде және фармацевтикада қол жеткізілді.

Руслан Дәленовтың айтуынша, кен өндіру өнеркәсібінде металл кенін өндіру түсті металл кенін өндірудің 18,4 пайызға ұлғаюымен қамтамасыз етілді.

"Құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Өсу 13,5 пайызға дейін жеделдеді. 8,8 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді", - деді ұлттық экономика министрі.

Ауыл шаруашылығы саласында мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісі 3,5 пайызға ұлғайды. Көрсетілетін қызметтер саласында өсім 4,4 пайызды құрады. Көтерме сауда есебінен сауда көлемдері 7,6 пайызға өсті. Жүк айналымының есебінен көлік қызметтері 5,5 пайызға өсті.

Биылғы қаңтар-тамызда сыртқы сауда айналымы 1,8 пайызға өсіп, 62,1 миллиард долларды құрады. Экспорт көлемі 37,6 миллиард долларды құрады. Импорт 24,5 миллиард долларды құрады. Негізгі көрсеткіштер бойынша өңірлердің көбінде өсімнің оң серпіні байқалады.

"Бірқатар өңір өңдеу, кен өндірісі өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, құрылыс, тұрғын үйді пайдалануға беру және инвестициялар бойынша жақсы қарқын көрсетіп отыр. Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл және Павлодар облыстарында 4 көрсеткіш жоғары өсімге ие, Атырау облысында - 3 көрсеткіш жақсы", - деді Р. Дәленов. 
Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласы мен Маңғыстау облысында 3 көрсеткіш бойынша, Солтүстік Қазақстан облысында 2 көрсеткіш бойынша, Алматы, Қостанай, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Қарағанды облыстарында 1 көрсеткіш бойынша төмендеу байқалады.

Сондай-ақ, көрсеткіштердің тамыз айымен салыстырғанда Алматы, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында 2 көрсеткіш бойынша, Батыс Қазақстан облысында 1 көрсеткіш бойынша бәсеңдеуі тіркелді.

Жалпы, 9 айдың қорытындысы бойынша қысқа мерзімді экономикалық индикатор (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда, көлік және байланыс) 2 өңірде жалпы өңірлік өнімнің нысаналы өсуіне қол жеткізбеу қауіпін көрсетіп отыр. Бұл Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары. Бұл ретте Батыс Қазақстан облысында қысқа мерзімді экономикалық индикатордың төмендеуі жалғасуда.

Өз кезегінде ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - қаржы министрі Әлихан Смайылов 9 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджеттің кірістері 15 пайызға, республикалық - 19 пайызға және жергілікті бюджеттер - 7 пайызға өскенін айтты. Ұлттық қордың активтері 2018 жылдың 9 айымен салыстырғанда 15 пайызға өсіп, 26 триллион 447 миллиард теңгені құрады.

"Шығыстар бюджеттің барлық деңгейлерінде жоғары пайызбен игерілді: МБ - 99,6 пайыз, РБ - 99,8 пайыз және ЖБ - 99,3 пайыз. Есепті кезеңнің көрсеткіштері ағымдағы қаржы жылын жоғары деңгейде аяқтауға барлық мүмкіндіктер бар екенін көрсетеді", - деді Әлихан Смайылов.

Республикалық бюджетке 4 триллион 817 миллиард теңге кірістер түсті. Бұл жоспардан 61 миллиард теңгеге көп немесе 101,3 пайыз. 2018 жылдың 1 қазанындағы жағдаймен салыстырғанда өсу қарқыны 118,5 пайызды немесе 751 миллиард теңгені құрады. Бұл соманың 738 миллиард теңгесі салықтарға тиесілі.

"ҚҚС бойынша негізгі өсім - 421 миллиард теңге, корпоративтік табыс салғысы - 184 миллиард теңге және халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға салынатын салықтар бойынша - 125 миллиард теңге. Камералдық бақылау хабарламалары бойынша 177 миллиард теңге қосымша есептелді. Оның 88 миллиард теңгесі бюджетке түсті. Әкімшілендіру рәсімдерін цифрландыру нәтижесінде бюджетке 280 миллиард теңге түсті", - деді Әлихан Смайылов.

Жергілікті бюджеттердің меншікті кірістері 120 миллиард теңгеге артығымен орындалды немесе 1 триллион 845 миллиард теңгені құрады. Өткен жылдың cәйкес кезеңімен салыстырғанда кірістер 119 миллиард теңгеге өсті. Бұл салықтар есебінен қамтамасыз етілді. Кірістер бойынша жоспар, Нұр-Сұлтан қаласын қоспағанда, барлық өңірлерде артығымен орындалды.

Республикалық бюджеттің шығыстары 8 триллион 541 миллиард теңгені немесе 99,8 пайызды құрады. 

Қаржы министрінің айтуынша, нақтыланған республикалық бюджеттің жобасында 130 миллиард теңге қаражат қайта қаралып, бөлінді. Біраз қаражат оңтайландырылды. "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға республикалық бюджетте 554 миллиард теңге көзделген. Есепті кезеңде жоспарланған қаражаттар 100 пайызға игерілді. 

"Жергілікті бюджеттер шығыстары 4 триллион 165 миллиард теңгені құрады. Атқарылмағаны - 29 миллиард теңге. Есепті кезеңде өңірлерге сомасы 1 триллион 71 миллиард теңге нысаналы трансферттер аударылды. Жергілікті деңгейде олар 99 пайызға немесе 1 триллион 60 миллиард теңгеге игерілді", - деді Әлихан Смайылов.

Есепті кезеңде 593 миллиард теңге бюджет қаражаты 2 522 аудиторлық іс-шарамен қамтылды. Жалпы сомасы 174 миллиард теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды. Оның 163 миллиард теңгесі аудит барысында қалпына келтірілді. Жүргізілген камералдық бақылаудың нәтижесінде 547 миллиард теңгеге мемлекеттік сатып алу бойынша бұзушылықтарға жол берілмеді. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети