13 мамыр 2016 13:03

Жыл соңына дейін баспана 10 пайызға қымбаттауы мүмкін - пікір

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда жылдың соңына дейін тұрғын үйлердің бағасы кем дегенде теңгемен санағанда 10 пайызға, ал доллармен санағанда 13 пайызға қымбаттайды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Astana Best Consulting Group экономисі Арман Байғанов хабарлады.

Оның айтуынша, АҚШ-дағы статистикалық мәліметтер (бағаның құнсыздануы, жұмыспен қамтылу) болжағаннан төмен болып шықты. Берілген мәліметтерге сенсек, Федерал резерв жүйесі 2016 жылы базалық мөлшерлемені қымбаттатпауы да мүмкін.

"Қазір жұмыс істеп тұрған базалық төлем доллардың әлсіреуіне, шикізат ресурстары бағасының өсуіне және дамып жатқан нарықта инвестициялық белсенділікті сақтауға әсер етуі мүмкін. Осыны ескере отырып, екінші жартыжылдықта мұнайдың бағасы Brent маркалы мұнай баррелі бағасынан 54 доллардан асады. Бұл өз кезегінде ұлттық валютаның нығаюына, жер қойнауын пайдаланушылардан ел экономикасына қосымша қаражаттың түсуіне, тұрғындардың төлем төлей алуына және еліміздегі макроэкономикалық жағдайдың дұрысталуына ықпал етеді", - деп болжады сарапшы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети