1. Басты
  2. Біл
  3. Экономика
  4. Жылжымайтын мүлік

Қазақстанда ақпан айында тұрғын үй саудасы 7,9 пайызға артты

©allday.ru ©allday.ru

Қазақстанда 2015 жылдың ақпан айында тұрғын үй саудасы қаңтар айына қарағанда, 7,9 пайызға артты, - деп хабарлайды Strategy2050.kz ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап. 

Комитеттің мәліметінше, 2015 жылы қаңтар-ақпан айларында тұрғын үйді сату-сатып алу жөнінде 23 666 мәміле жасалды. Оның 12 282-сі ақпанда тіркелген. Бұл көрсеткіш - қаңтармен салыстырғанда, 7,9 пайызға жоғары. Ал осы екі айда жасалған мәмілелердің саны өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда, 1 пайызға артық.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда тұрғын үйді сату-сатып алу мәмілелер санының 17,8 пайызға азайғаны хабарланған болатын. 2015 жылдың қаңтар айында тұрғын үйді сатып алу мен сатуға байланысты тіркелген мәмілелердің саны 11 384 болды, бұл көрсеткіш - өткен аймен салыстырғанда 17,8 пайызға төмен. Ал бұл көрсеткішті 2014 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 1,9 пайызға азайғаны белгілі болды.