11 қыркүйек 2015 15:23

Қазақстанда бутиктерді жалға алу 77 пайызға қымбаттады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© grekomania.ru © grekomania.ru

Қазақстанда сауда үйлері мен орталықтарында бутикті жалға алудың орташа құны бір жылда 77 пайызға артты - шаршы метрдің бағасы 4,8 мың теңгеге дейін, - деп хабарлайды Ranking.kz. Сонымен қатар, сауда алаңдарының құрылыс көлемі артып келеді.

Бірінші жарты жылдықта тұрғызылған сауда үйлердің ауданы 84 мың шаршы метрге жетті. Салыстырып көретін болсақ, 2014 жылы осындай уақыт аралығында жалпы ауданы 59,4 мың шаршы метр сауда үйі мен 11,3 мың шаршы метр сауда-ойын-сауық орталығы тұрғызылған. Құрылыстың орташа құны 2015 жылдың қаңтар-маусым айларында бір шаршы метр үшін 101,4 мың теңге болды. Айта кетейік, жаңа нысандардың 56 пайызы Батыс Қазақстан облысында орналасқан.

Тамызда сауда алаңдарын жалға алу мөлшерлемесі аздап төмендеді - шаршы метр үшін 4 800 теңге, бірақ өткен жылмен салыстырғанда жалға алу құны 77,7 пайызға көтерілген. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети