08 желтоқсан 2015 14:38

Қазақстанда қолжетімді баспана құрылысының көлемі ұлғаяды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда 2018 жылға дейін қолжетімді баспана құрылысының көлемі ұлғаяды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы бүгін үкімет отырысы кезінде ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлімдеді.


Қазақстанда 2018 жылға дейін қолжетімді баспана құрылысының көлемі ұлғаяды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы бүгін үкімет отырысы кезінде ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлімдеді.

Министрлер кабинетінде 2016-2018 жылға арналған дағдарысқа қарсы жоспар таныстырылды. Оның төртінші тармағында "Халыққа қолжетімді баспаналар деңгейін көтеру" мәселесі қарастырылған.

"2016-2018 жылдары халыққа қолжетімді баспаналар деңгейін көтеру үшін ауданы 817 мың шаршы метр болатын 13 600 пәтері бар тұрғын үй құрылысы қамтамасыз етіледі. "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ тұтынушыларына өтемақы ретінде үкіметтен 2016 жылға 20,9 миллиард теңге, ал 2017 жылға 16 миллиард теңге бөлу қарастырылды", - деді дағдарысқа қарсы бағдарламаны таныстыру кезінде Ерболат Досаев.

Министрдің айтуынша, баспана құрылысында Үлестік салымдарды кепілдендіру қорын құру мақсатында "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ жарғылық капиталын 10 миллиард теңгеге ұлғайту қарастырылып жатыр. "Бюджеттік несиелеу және қаражаттандыру механизмі арқылы 298 шақырым жылумен және сумен қамтамасыз ететін желі салынып, реконструкцияланады", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети