16 қараша 2016 12:39

Қазақстанда шағын пәтерлер нарығы жандана түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© LifeGlobe.net © LifeGlobe.net

Шағын пәтерлер жылжымайтын мүліктің республикалық нарығына қайта шыға бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Homsters.kz сарапшыларының пікірінше, мұндай үрдіс экономикалық дағдарыстан кейінгі құбылыстарға ғана емес, сонымен бірге мегаполис тұрғындарының арзан пәтерлерді сатып алғаннан гөрі жалға алуды артық көре бастағанына да байланысты, бұл - халықаралық тренд. 


Шағын пәтерлер жылжымайтын мүліктің республикалық нарығына қайта шыға бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Homsters.kz сарапшыларының пікірінше, мұндай үрдіс экономикалық дағдарыстан кейінгі құбылыстарға ғана емес, сонымен бірге мегаполис тұрғындарының арзан пәтерлерді сатып алғаннан гөрі жалға алуды артық көре бастағанына да байланысты, бұл - халықаралық тренд. 

"Ауданы 17-30 шаршы метр болатын мұндай апартаменттердің құны 3,5-11 миллион теңге аралығында. Ал олардағы шаршы метрлердің бағасы 170 мың теңгеден басталады", - дейді сарапшылар.

Қазақстанның ірі қалаларындағы бағаны салыстыра кетсек, Статистика комитетінің мәліметінше, Астанада бір шаршы метрдің орташа нарықтық бағасы - 342 мың теңге, Алматыда - 319 мың теңге. Астананың жаңа баспаналар нарығында мұндай пәтер жобалары бірнеше тұрғын үй кешенінде бар. Оның ең арзаны - "Алтын Орда 2" тұрғын үй кешені (шаршы метрі - 170 мың теңгеден жоғары) қала іргесіндегі Қосшы кентінде салынып жатыр. Бұл кешендегі ең шағын пәтерлердің ауданы - 22,9 шаршы метр. Астананың орталық аудандарында шаршы метрлердің құны жоғарылап отыр. Мысалы, "Оңтүстік-Шығыс" мөлтекауданындағы "Аспан" тұрғын үй кешенінде бір шаршы метрдің бағасы 293 мың теңгеден басталады. Бұл тұрғын үй кешеніндегі ең шағын апартаменттің ауданы - 21 шаршы метр. Ықылас Дүкенұлы көшесінде тұрғызылып жатқан "Гарант" тұрғын үй кешенінде аудандары 16,9 шаршы метрден, әр шаршы метрінің құны 350 мың теңгеден басталатын пәтерлер сатылады. 

Мұндай жобалар Алматының жылжымайтын мүлік нарығында да бар. Оңтүстік астананың іргесінде "Алма Тау" кешені салынып жатыр. Пәтерлерінің ауданы ең кішісі - 16,4 шаршы метр, мұнда бір шаршы метр 210 мың теңге тұрады. Түрксіб ауданындағы "Северное кольцо" тұрғын үй кешені ауданы 25 шаршы метрден басталатын, әр шаршы метрінің бастапқы құны 235 мың теңге болатын апартаменттерді ұсынады. Қаланың орталық бөлігіндегі - Шагабутдинов және Қазыбек би көшелерінің қиылысындағы "Бастау" тұрғын үй кешенінде бір шаршы метрдің бағасы 410 мың теңгеден басталады, ал бір бөлмелі пәтерлердің ауданы ең шағыны - 27 шаршы метр. 

"Мұндай ұсыныстардың пайда болуы дағдарыстан кейінгі нарық үшін әбден заңды. Шағын өлшемді баспаналарға сұраныс әлдеқашан артты, себебі қазақстандықтар өз мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін дәл бағамдай бастады да, қалтасы көтеретін пәтерлерге басымдық беретін болды. Оның үстіне, бұл жас отбасылар, студенттер мен ірі қалаларға шалғай түкпірлерден көшіп келгендер үшін қолайлы болып тұр. Мұндай баспана - пәтер жалдауға жақсы балама. Сатып алушы өз жинағы есебінен алғашқы жарнасын құяды да, үй салынып біткеннен кейін пәтер ақысын бөліп төлейді және ол төлемдердің сомасы жалға алу құнына жақын. Бұған қоса, кейбір нысан таза әрленген күйде пайдалануға беріледі", - дейді Homsters.kz-тің қазақстандық өкілдігінің жетекшісі Олеся Мельникова. 

Сарапшы мұндай пәтерлерді Еуропа жастары отбасын құрғанға дейін немесе балалы болғанға дейін таңдайтын студио-пәтерлермен және Кеңес кезеңінде жұмысшы жастарға уақытша берілген қуыс асүйі, бөлек санитарлық торабы бар қонақүй типті бір бөлмелі пәтерлермен салыстырып көрді. "Сатып алушылардың көбі бұл баспаналарды өз өмірінің жаңа бір кезеңі және кейінірек мейлінше кең пәтер алу үшін сатылатын алғашқы пана деп қарастырады. Экономика мен тұрғын үй нарығындағы ахуал тұрақталғаннан кейін бұл сатып алушылар төлем қабілеті жоғары жаңа сұранысты қалыптастырады", - деп атап өтті Олеся Мельникова.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети